30 Сәуір, 2018
Лаура Мәйтекова: Жұбановтар отбасы жолы өмірде зор өнеге бола алады

Қазіргі таңда ел дамуына аянбай үлес қосып жүрген, «Жұбановтар әлемі» мәдениет орталығының ашылуына тікелей демеушілік еткен әрі осы мәдениет орталығының директоры,  "Туған жерге тағзым" программасының жүзеге асырылуына белсенді атсалысушы  – Лаура Аманкелдіқызы Мәйтековадан орталықтың кешегісі мен бүгіні, алдағы жоспарлары туралы жалпы ақпаратқа қанығу мақсатында RUH.KZ сайты арнайы сұқбат алды.


– Лаура Майтекова ханым, сәлеметсіз бе? Ең алдымен өзіңіз туралы қысқаша мағлұмат бере кетсеңіз? (Туған жеріңіз, өскен ортаңыз, білім жолыңыз, отбасылық жағдайыңыз)



– Мен Ақтөбе қаласында дүниеге келдім, 3 орта мектепті бітірдім, 1985-89 жылдары Алматыдағы Нархоз университетінің сауда-тауартану факультетінде оқыдым. Қызыл дипломға бітіріп, кафедрада қал деген ұсыныстарға қарамастан өзімнің туып өскен қалама қайта оралдым. Сауда саласында қарапайым маман болып жұмыс бастадым. 1990 жылы тұрмысқа шықтым, қазір бір ұл бір қыз тәрбиелеп отырмын. 90 жылдары бала өсірумен ғана айналыстым. 1997 жылы АО Кристал компаниясына экономист болып істедім. Жұмыс істеп жүргенімде шығармашылық жұмыстармен айналысқанды армандадым. Менің армандарым 2006 жылдан 2011 жылға дейін табысты жұмыс істеген Леди Ла сұлулық салонын аштым, одан кейін жылжымайтын мүлік саласында жұмыс істей бастадым. Пәтерлер мен үйлер сатып алып, олардың дизайн, әрлеу жұмыстарын өзім ойлап тауып оларды сата бастадым. Осылай жылдан-жылға менің армандарым орындала бастады. 2017 жыл мен үшін ерекше жыл болып шықты (49 – жас мүшел жасқа толдым). Отбасылық кеңестен кейін «Жұбановтар әлемі» шығармашылық орталығын басқаруды қабылдадым. 2017 жылдың қыркүйек айынан бері менің өмірім осы жобамен тығыз байланыста.



– Қазіргі таңда қандай қызмет атқарасыз?



– Қазіргі таңда «Жұбановтар әлемі» мәдениет орталығының директоры қызметін атқарамын.



– Атам қазақтың «Батыр болсаң – дұшпанға найзаң тисін, бай болсаң – халқыңа пайдаң тисін» деген жақсы бір сөзі бар. Яғни, қазақы танымда қолы ашық атымтай жомарттықты батырлықпен қатар айтып, бұл істің де ерекше жүректілік екенін тілге тиек еткен. Сіз де бұл тұрғыда қар жаяу емессіз, талай-талай игі істердің басына жақсы болып, қасынан табылып, жүргеніңізге ел куә. Соның бірі ретінде «Жұбановтар әлемі» мәдениет орталығын айтуға болады. Біздің білгіміз келетіні мынау, Сіздің әу бастағы «Жұбановтар әлемі» мәдениет орталығын ашудағы мақсатыңыз қандай болды және мұндай игілікті шараға демеушілік етуге не түрткі болды?



– Ақтөбе облысы әкімі Б.М.Сапарбаевтың Жұбановтар әулетіне арналған орталық ашу жөніндегі керемет идеясын жергілікті кәсіпкер, менің інім Қайрат Мәйтеков қолдап, 100 күннің ішінде 1500 ш.м. ғимарат бой көтерді. Ақтөбеге келген жұмыс сапары кезінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Жұбановтар әлемі» шығармашылық орталығын аралап, осы жерде зиялы қауым өкілдерімен, әдебиет және өнер саласының адамдарымен кездескен еді. Заманауи үлгідегі шығармашылық үйін тұрғызудағы басты мақсат – Қазақстанның мәдениетін шынайы түрде жаңғырту – біздің тарихи және мәдени мұрамызға ықыласпен қарау және де біздің тарихымызға өз өмірін Отанына қызмет етуге арнаған жандардың аттарын қайтару. Әрине, мұндай көрнекті тұлғалар қатарында – Ақтөбе облысынан шыққан Құдайберген және Ахмет Жұбановтар бар. Олардың жоғары адами қасиеттері – парасаттылығы, мақсатқа талпынушылығы, зиялылығы, еңбекқорлылығы біздің еліміздің филология ғылымы мен өнерінің дамуына үлкен серпіліс тудырып, өз жемісін берді.



Сонымен қатар жастардың өнерін шыңдау арқылы еліміздің мәдени дамуына, рухани баюына үлес қосу. Бұл орталықты суретшілердің, әртістердің, музыканттардың, ақын жазушылардың я болмаса журналисттердің еркін әңгімелесіп, түрлі кездесу шараларын өткізетін шығармашылық алаңы етуді мақсат ету. Мұнда түрлі шеберлік кластарын, шығармашылық кездесулер өткізуге мүмкіндік бар. Әрине, тақырыпқа байланысты қызығушылық танытқандарға қолжетімді бағада билеттер де сатылатын болады. Мәселен, танымал, кәсіби журналисттер осы жерде өз жобасының таныстырылымын өткізуіне әрі тәжірибесімен бөлісуге толық мүмкіндігі бар. Ал біз осындай кештердің, кездесулердің көңілдегідей өтуіне атсалысамыз.



«Жұбановтар әлемі» осындай мақсатта жұмыс жасап, түрлі кездесу кештерін, шеберлік кластарын ұйымдастыратын Ақтөбедегі ғана емес, еліміздегі бірегей заманауи орталық болып есептеледі.



– «Жұбановтар әлемі» мәдениет орталығында осыған дейін Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша іріленген қандай іс-шаралар өткізілді?



– Жұмыс жасалған үш ай ішінде «Жұбановтар әлемі» орталығының ұжымы белгілі жетістіктерге жетіп отыр. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы осы игі істің басталуына түрткі болып, оны шетел әртістерін концерттермен шақыру арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Яғни, ұлттық мәдениеттің тұсау кесері тек қана шетелде емес, ол шын мәнінде қымбатқа түседі, Қазақстанда да болу керек. Бағдарламада біздің мәдени жетістіктерімізді насихаттайтын арнайы әдістер туралы айтылған, сондықтан біз Жұбановтар, Абай, Хамиди, және басқа да композиторлардың музыкасы арқылы насихаттауды таңдаған «Рухани жаңғыру» жобасының аясында француз, италиялық және ресейлік музыканттардың концерттері өтті. Олардың әрқайсысы біздің орталықтың арқасында Ғазиза мен Ахмет Жұбановтың музыкасы туралы білді. Осы танымал музыканттардың, басқа да композиторлардың белгілі әуендерін өңдеді. Оларға жаңа тыныс берді. Гитар-домбыра құралдарының синтезі (қосылуы), жалпы алғанда, Ақтөбе қаласының концерттік өмірінде жаңа кезеңге айналды. Дәріс мектебі де белсенді түрде жұмыс жасап тұр. Біздің мұражайымызда 2000-нан астам студенттер мен оқушылар келіп, академик А.Жұбановтың өмірі мен шығармашылығына арналған концерттік-дәріске қатысты.



Біздің орталық рухани – адамгершілікке тәрбиелеу тұрғысында өз жолын таңдады, біздің өлкемізде құрметті азаматтар көптеп саналады, солардыі бірі  де бірегейі классикалық кәсіби және академиялық көзқарасты дарынды дара тұлғалар – ұлы Жұбановтар отбасы, Жұбановтар отбасы жолы өмірде зор өнеге бола алады.



Осы жылдың сәуір-мамыр айлары қазақ халық дәстүрлі музыкасын джаз және заманауи музыкалық және басқа жанрлармен үндестіре білген. Нью-Йорк, Лондон, Берлин, Франкфурт, Ганновер және Мюнхен. Нью-Йорк қалаларында өз өнерлерін көрсеткен этно-фьюжн стилінде жұмыс істейтін музыканттар тобы «Хассақ», «Көшпенділер сиқыры» этно-фольклорлық ансамбілінің қаламызға гастрольдік сапармен келгендігі туралы жағымды жаңалықты айтқым келеді.



«Туған жерге тағзым» жобасы аясында Ақтөбе облысынан шыққан музыканттардың қатысуымен «Камералық музыка» концертін, «Jazz-2018» халықаралық балалар джаз музыкалық фестивалін, сондай-ақ балалар мен ересектердің қатысуымен үлкен ашық аспан астында «Open air» жобасын өткізу. Алайда жүргізіліп отырған барлық шараларға қаржылық қолдау қажет, біздің алдын-ала есептеулерімізге сәйкес, қаржы шығындарының көлемі 50 000000 теңгеден асады.



Меценат демеушілігімен 17 адамнан тұратын штат қызметкерлері толығымен қаржыландырылды, өз қаражатымызға орталықтың барлық техникалық құралдары, дыбыс аппаратурасы, жарықтандыру жабдығы, үлкен концерттік рояль, кабинетке арналған фортепиано сатып алынып, коммуналдық төлемдер, сондай-ақ концерттер өткізген барлық әртістердің гонорары төленді.



– Алдағы уақытта қандай шаралар өткізу жоспарда бар?



– «Жұбановтар әлемі» орталығының шығармашылық ұжымы әлеуметтік қорғалмаған балаларды музыкаға оқытуды, бірқатар балалар фестивальдері мен байқауларды, нақтырақ айтқанда, әртүрлі номинациялар бойынша балалар байқауын өткізуді жоспарлап отыр.



Алдағы уақытта жеңімпаздарды жоғары халықаралық деңгейге көтеру, сонымен қатар академиялық сахнаның жұлдыздары қатысатын жобаларға қатыстыру жоспарланып отыр.



– «Жұбановтар әлемі» мүмкіндігі шектеулі балаларға қандай көмектер көрсетеді?



– Біз мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек ретінде таланты бар балаларды музыкалық үйірмелерге ақысыз оқытамыз және де бірнеше концерттерге тегін кіргіземіз.  



– «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іргелі дамыту, насихаттау жұмыстарына қандай баға бересіз?



– «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгері дамыту, насихаттау жұмыстарына жақсы деген баға беремін.



 



 


ruh.kz
avestnik.kz