13 Қаңтар, 2021
Мәжілістегі «Nur Otan» партиясы фракциясының құрамы 70% жаңарды

Сайлау қорытындыларына сәйкес, Парламент Мәжілісіне Қазақстанның халық партиясы, «Nur Otan» партиясы және Қазақстанның «Ақжол» демократиялық партиясы өтті деп хабарлайды Ruh.kz.

Дауыстардың жеті пайыздан астамын 5 үміткер партияның үшеуі ғана жинады. Дауыстардың 71,09% жинаған «Nur Otan» көш бастап, парламентте 76 мандатқа ие болды.

Елбасы аталмыш жетістіктің жұмыла атқарылған жұмыс пен партияның әрбір мүшесінің еселі еңбегінің нәтижесі екенін атап өтті.

«Науқан тиімді әрі нәтижелі өтті. Партия қатары жаңарды. Халық арасында беделі биік жаңа көшбасшыларымыз бар. Әр ауданның, қаланың, облыстың дамуы үшін халықтық бағдарламалар әзірленді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сарапшылардың пікірінше Мәжілістің құрамында көзқарасы мен идеялары жаңа азаматтар жұмыс істейтін болады. Әр кандидат еліміз бен қоғамымызды одан әрі дамыту бағытында өзінің бағдарламасын ұсынған.

«Нұротандықтар Парламент Мәжілісіне өткен депутаттардың тізімін жариялады. Тізім айтарлықтай өзгерген. Жастардың саны артып, мемлекеттік қызметшілердің саны азайды. Әйелдер саны да өсіп отыр», – дейді саясаттанушы Марат Шибұтов.

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев өзінің Facebook-тегі парақшасында 76 депутаттың 36-сы праймериз жеңімпазы болса, 40-ы Саяси кеңес бюросының квотасы аясында сайланғандығын атап өтеді.

«Депутаттардың 26,3% – заңгерлер, 23,7% – экономистер, 23,7% – ғылыми дәрежесі бар азаматтар. Халық қалаулыларының 10,5% – білім беру және денсаулық, 9,2% – мемлекеттік басқару салаларының қызметкерлері. Еліміздің барлық облыстары ұсынылған. Фракцияның жаңа құрамы 40% әйелдер мен 35 жасқа дейінгі жастардан тұрады. Тұтастай алғанда, Мәжілістегі «Nur Otan» партиясы фракциясының құрамы 70% жаңарды. Төменгі палатаға өткен партия фракциясының құрамында Дариға Назарбаева мен Нұрлан Нығматулин сынды айтулы саясаткерлер де бар», – деп жазды Данияр Әшімбаев.

Қазіргі депутаттар Нұрлан Нығматулин, Снежанана Имашева, Қанат Мусин, Павел Казанцев, Айгүл Нуркина, Дархан Мыңбай, Бекболат Тілеухан, Геннадий Шиповских Партияның құрамының жаңа тізіміне енген.

Парламенттегі экономикалық блокты Аманжан Жамалов, Марат Құсайынов, Анатолий Бойчин күшейтпек.

ҚР «Nur Otan» партиясының жаңа тізімінде ҚР Президенті жанындғы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Берік Әбдіғалиұлы, Қанат Нурин де ұсынылған.

Атақты саясаттанушылар Ерлан Саиров, Айдос Сарым мен еліміздің жетекші әлеуметтанушысы Юлия Кучинская халық қалаулыларының қатарында.

Сайлау нәтижелері бойынша мандатқа, сондай-ақ, қоғам белсенділері Елдос Абаканов, Вера Ким және Динара Закиева ие болды.

Партияның жаңартылған тізімінде «Болашақ» түлегі, Президенттік жастар кадрлық резерві бағдарламасына қатысушы Тілектес Адамбеков бар.

Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры Марат Бәшімов «Nur Otan» партиясы атынан депутат атанған азаматтардың заң шығару жұмысына зор пайдасын тигізбек. Қоғамға қажет заңдар олардың жұмысының жемісі болмақ.

«Олар сергектік танытады деп ойлаймын. Олар – жауапкершілігі мол, ашық, демократияшыл азаматтар. Олардың қоғам игілігі мен қарапайым халықтың конституциялық құқықтарын қорғау үшін істейтін жұмыстарына сәттілік тілейміз», – деп түйіндеді Марат Бәшімов.

Ruh.kz
ашық дереккөздерден