26 Қыркүйек, 2018
Мақсат – сіздің өмірлік серігіңіз

Мақсаты айқын адам – жетістік жолында келе жатқан адам. Бұлдыр мақсат пен бұлыңғыр болашақ егіз ұғым. Жетістік жету ойыңызда болса,нақты мақсатыңызды айқындаңыз.


Адамдардың көпшілігі арман мен мақсат ұғымын шатастырып, араластыра пайдаланады.



Мақсат – ол сіздің нақты ойыңызға алған, белгілі бір пайда әкелетін жолдағы ойларыңыз. Сол мақсат бойынша сіз нық қадамдар жасау арқылы жетістікке жетесіз.



Ал арманның жөні бөлек. Адам санасы аса үлкен қабілетке ие болғандықтан, кез-келген дүниені елестете алады. Боларды да, болмасты да армандауға ешкім кедергі жасай алмайды. Бұл – тек қана сананың, қиялдың жүйріктігіне бағытталатын дүние.



Жетістікке тек қана мақсаты айқын, ойға алған мақсатына сай еңбек еткен адамдар ғана жете алады.



Бүгінгі күн, қазіргі сәт – сіздің жұлдызды уағыңыз. Өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз.



Еңбек етіңіз! Мақсат қойыңыз! Сіз барлығына лайықсыз!


ruh.kz
Nurlybek Buhpin