2 Қараша, 2017
Маңғыстау облысы бойынша «Рухани жаңғыру» ақпараттық керуені саяхаттауда (ФОТО)

Маңғыстау облысында  «Рухани жаңғыру - жастар керуені» ақпараттық насихаттау акциясы басталды.



«Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақала бойынша маңғыстаулық жастар «Рухани жаңғыру - жастар керуені»  акциясын өткізуді жөн санаған. Ақапарттық керуеннің алғашқы аялдамасы  Жаңаөзен қаласы болды.



«Біздің алдымызда аймақ тұрғындарына жастарды қолдау бойынша мемлекеттік саясатты, халық игілігіне арналған түрлі қызметтер мен мол мүмкіндіктерді ұсынатын мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау және ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының әрбір тарауының мән-мағынасын түсіндіру  міндеті тұр», - деп атап өтті «Рухани жаңғыру» облыстық штабының мүшесі Бақтыбай Жайлау.



«Рухани жаңғыру - жастар керуені» шарасына қатысушылар Маңғыстаудың 56 елді мекенін қамтуды көздеп отыр. Ақпараттық керуеннің келесі аялдамасы қарақиян ауданы. 


ruh.kz