28 Сәуір, 2018
Маңғыстау өңірі елімізде алғашқы болып цифрлық хабар таратуға көшеді

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаһандағы замауи қазақстандық мәдениет» бөлімі аясында атқарылып жатқан істер қатары күн санап артып келеді. Атап айтқанда, Маңғыстау өңірі осы жылдың қазан айынан бастап қазақ тарихында алғашқы болып толыққанды 100 пайыз цифрлық хабар таратуға көшкелі жатыр.


 



2012 жылдан бері Маңғыстауда 21 радио және теледидар станциялары салынып, іске қосылған болса, енді шалғай аймақтың 48 елді мекені сандық үлгідегі телесигналдарды қабылдайтын құрылғылармен қамтылды. Осыдан соң тегін цифрлық телевидениеге қолы жеткен Ақтаулықтар 30, ал облыс тұрғындары 15 отандық телеарналарды жоғары сапада тамашалай алу мүмкіндігіне ие болып отыр. 

Сонымен қатар, ағымдағы жыл соңында Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары да аналогтық хабар таратуды өшіріп, цифрлық жүйеге ауыcқалы жатыр.

ҚР АКМ департамент директоры Елдос Нашырәлінің айтуынша, Маңғыстаулықтар цифлық жүймен жақыннан таныс. Қазірдің өзінде бұл жүйеге негізделген телевизиямен облыс халқының 95 пайызы қамтылып отыр. Сондай-ақ, өңірдің 2 пайызы «Отау» арнайы спутниктік телевидениесі арқылы қамтылып отырғандықтан, ендігі жүргізілетін жұмыстың нәтижесінде 98-ге дейін жеткізу ойда бар. 

Осы ретте өңірлік телерадио хабарлар тарату дирекциясының басшысы Әбдірахман Кенжебаев: 






– 21 станция құру біз үшін негізгі талаптардың бірі болды. Сол талап бойынша біз 2012 жылдан бастап жұмыстар жүргіздік. Мәселен, бірінші Жаңаөзен қаласы цифрлық телеарнаға көшті. Аналогты өшіру кезінде болатын келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін қандай жұмыстар істелу керектігі бір бағытқа қойылды. Негізінде біз цифрлық телеарнаға көшуге дайынбыз, – деді.

 



ruh.kz