24 Қараша, 2017
Маңғыстауда өңірдің ұлағатты ұстазына құрмет көрсетілді

Маңғыстау облысында Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында өлкеге  белгілі педагог, ұстаз ҚР оқу ағарту ісінің үздігі, Маңғыстау ауданының құрметті азаматы Бисенғали Әбілдікұлының  80 жасы аталып өтілді.



«Маңғыстауда ұстаздардың ұстазы бола білген санаулы ұстаздар ғана бар. Солардың бірі де бірегейі Бисенғали Әбілдікұлы.Бисекеңнің елі ертеңі жас ұрпақтың ертеңі  үшін  сіңірген  еңбегі ерен. Бисенғали Әбілдікұлының алдынан саншәкріттүлеп ұшты. Барлығы да кәзіргі таңда облыс пен республикаға танымал тұлғалар  атанды», - деді Маңғыстау ауданының әкімі Жармағанбет Айтуаров.



Кеште мерейтой иесінің  замандастары мен құрдастары, сыныптас достарымен бірге Алматы мен Астанадан арнайы келіп, Бисенғали ағаның  ағаның шашбауын көтерген әріптестері мен шәкірттері  де жүрекжарды лебіздерін жеткізді.



Айта кетейік, Бисенғали Әбілдікұлы - 1937 жылы Маңғыстау  облысы, «Қаражанбас» кен орны, Долгий орыс қалашығында дүниеге келді. 1955 жылы Форт Шевчекно қаласындағы М.Горькийатындағы ортаметкепті бітіріп, 1956 -1960 жылдары  Гурьев пединститутын  математика факультетін бітірген. 1969 -2005 жылдара аралығында Тұшықұдық, Жармыш,Онды орта мектептернің басшысы қызметін адал атқарды. Еңбегі ескерліп облыс, аудан, әкімдері мен министрліктердің Алғыс хаттарын иеленді.



Кеш соңында Онды ауылының өнерпаздары Арғын Қосай мен Дарын Қосай өнерден шашу шашса, ауылдастар ағаның иығына шапан жапты. 



Аллаберген Қонарбаев.


ruh.kz
МО ІСБ