2 Қараша, 2017
Маңғыстауда өзге ұлт жастары арасында мемлекеттік тіл байқауы өтті

Маңғыстауда өзге ұлт жастары арасында мемлекеттік тіл байқауы өтті. Бұл сайысҚазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының 2017 жылғы бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.



Өзге ұлт жастары арасындағы қазақ тілі білгірлерінің «Мемлекеттік тілді білу – парызың!» облыстық байқауының мақсаты –  мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, этнос өкілдерін ынталандыру, талантты жастарды анықтау және қолдау.



Сонымен, байқауға 18-30 жас аралығындағы мемлекеттік тілде ойлайтын, сөйлейтін, қазақ халқының болмысын ұғынатын 17 өзге ұлт жастары қатысты.



Әділ қазылар алқасы қатысушылардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін, жауаптарының орамдылығы, сапасы, мазмұндылығы мен ерекшелігі, сондай-ақ тіл тазалығы мен сахна мәдениетін бағалай отырып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады.



«Бас жүлдеге Ақтау қаласы, Ішкі Істер басқармасы, Уақытша ұстау изоляторының полицейі Саламат Берназаров, І орынға Жаңаөзен қаласы, № 6 о/м ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ляззат Шерханқызы, ІІ орынға Жаңаөзен қаласы, № 18 о/м орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Махигүл Казиева, ІІІ орынға Жаңаөзен қаласы, Ішкі Істер басқармасының ювеналдық полиция тобының учаскелік инспекторы Чазым Гасымов, ынталандыру сыйлығына Ақтау қаласы, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің студенті Огулкейик Амангельдиева, Жаңаөзен қаласы, №3 о/м география пәнінің мұғалімі Марина Тютюникова және Қарақия ауданы, № 1 о/м бастауыш сыныбының мұғалімі Светлана Панова ие болды», - делінген хабарламада.



Атап өтер болсақ, байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.


ruh.kz