31 Қазан, 2017
Маңғыстауда үлгілі ауыл анықталды

Маңғыстауда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Үлгілі ауыл» байқауы өз мәресіне жетті, деп хабарлады аймақ әкімдігі.



Ауылдық елді мекендерде адам өмiрi мен денсаулығы үшiн қолайлы ортаны қалыптастыру мақсатында Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен өткізілген бұл конкурсқа тұрғылықты халық саны 3,0 мыңнан асатын және 3,0 мыңнан аз ауылдар қатысты. Аудан ішінен үздік деп танылған ауылдар облыстық байқауға ұсынылды.



«Әр ауылда тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін жасыл архитектура жоспары жасалып, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Мысалы, өңірдегі су тапшылығына қарасмастан Таушық ауылында аумағы 3,2 га орталық саябаққа 900 түп ағаш отырғызып, баптап келеді. Сондай-ақ, көше бойына 672 электр шамы орнатылып, толық жарықтандырылған», - делінген хабарламада.



Арнайы жасақталған жұмыс тобы байқауға ұсынылған 8 ауылды аралап, олардың ерекшеліктері бойынша анықтама әзірледі. «Үлгілі ауыл» облыстық  байқауын сарапшы комиссия қортындылады. Сонымен, тұрғылықты халық саны 3,0 мыңнан асатын ауылдар арасындағы байқау қорытындысы бойынша I орынды Түпқараған ауданының Таушық ауылы жеңіп,  10,0 млн теңге көлеміндегі сыйақыны иеленді.  Тұрғылықты халық саны 3,0 мыңнан аз ауылдар арасындағы байқау қорытындысы бойынша I орынды  Маңғыстау ауданының Үштаған ауылы иеленіп, 10,0 млн. теңге көлемінде сыйақы алды. Бұдан басқа, екінші және үшінші орындарды иеленген ауылдардаға да сыйлықтар берілді.



Жалпы, байқау шартына сәйкес жеңімпаз атанған ауылдар сыйақының 80%-ын көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарына жұмсауы тиіс. Ал 20 %-ынан аспайтын мөлшерде ауыл нысандарын көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстарына үлес қосқан заңды және жеке тұлғаларды  марапаттауға ұсынылды. Аталмыш байқау жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін болады.


ruh.kz