1 Желтоқсан, 2017
Маңғыстауда жұмысшы мамандықтардың кәсіптік шеберлігі бойынша аймақаралық чемпионаты өтті

ҚР Тұңғыш Президенті күні және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Маңғыстау облысының әкімдігі жұмысшы мамандығының «Batysskills» кәсіптік шеберліктің аймақаралық чемпионатын өткізді. 


Маңғыстау облысында «Batysskills» аймақаралық чемпионаты тұңғыш рет өтті. 11 құзыреттілік бойынша 8 арнайы алаңдарда чемпионат ұйымдастырылып, еліміздің өңірлерінен келген  80 студент қатысты. Ал, олардың біліктілігін 88 сарапшы бағалады.




«Сонымен, шараның мақсаты–техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқитын жастар арасынан (18-22 жас) мамандықтар бойынша жұмысшы мамандығының кәсіби шеберлерін анықтау, қолдау көрсету, жұмысшы мамандығының танымдылығын және қоғамдағы беделін арттыру, өндіріс орындарындағы жас мамандардың, мектеп оқушыларының, студенттердің, ата-аналардың, бизнес өкілдерінің жұмысшы мамандығына қызығушылығын арттыру, облыстар арасында тәжірибе алмастыру», - делінген хабарлады.




Әрбір құзыреттілік бойынша чемпионат жеңімпаздары нәтижесі бойынша тиісінше бірінші, екінші және үшінші орын көрсеткіштеріне сәйкес алтын, күміс және қола медальдармен марапатталды және қатысушыларға сертификат тапсырылды.



Естеріңізге сала кетейік, «Worldskills»  жобасы негізінде қаланған «Batysskills» – студенттер және жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға негізделген аймақаралық  жоба.  Осы жобаға Маңғыстау облысы, Атырау облысы, Ақтөбе облысы, Батыс Қазақстан облысы және Жамбыл облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері қатысады. Батыс Қазақстан аймағына жататын облыстар арасында ынтымақтастық меморандумы жасалып, аталған облыстарға эстафета ретінде тапсырылып отырылады. 


ruh.kz
МО ІСБ