9 Шілде, 2020
Маңғыстауда резервке 600 орын провизорлық стационар дайындалды

Бұл туралы Маңғыстаудағы коронавируспен күрес шаралары тақырыбына арналған онлайн-брифингте облыс әкімі Серікбай Трұмов мәлімдеді.

Жалпы денсаулық сақтау ұйымдарында барлығы 1766 төсек-орындар дайындалды. Соның ішінде, инфекциялық стационарда 230 төсек орын, провизорлық стационарда 1346 төсек орын және карантиндік стационарда 190 төсек орын жасақталды. Бүгінгі күні олардың сыйымдылығы 76 % - ды құрап отыр. Сонымен бірге, облыс бойынша қосымша                      резервке 600 төсек орынға провизорлық стационар дайындалды. Резерв провизорлар барлық қала мен аудандарда жасақталды.

​Ал, Маңғыстау облыстық ауруханасы өңірдегі тұрақсыз эпидемиологиялық ахуалға байланысты толығымен көпбейінді провизорлық стационарға ауыстырылды. Ол жерде 650 төсек орыны қарастырылған. Ал осыған дейін облыстық ауруханада көрсетілген шұғыл медициналық көмектер енді келесі медициналық ұйымдарға берілді:

1.​«Sofie Medgroup» медицина орталығында травмотология, нейрохирургия және урология бойынша;

2.​«Арчимед» медициналық орталығында кардиология, хирургия және инсульт бойынша;

3.​«Ясин» медициналық орталығында терапия бойынша;

4.​«Нейрон» медициналық орталығында лор және офтальмология бойынша науқастарды қабылдайды.

5.​Сонымен бірге, «Облыстық онкологиялық орталықтың» жаңа ғимараты жақын арада іске қосылатын болады және ол онкология бойынша науқастарды қабылдайтын болады. Аталған медициналық мекемелердегі қызмет тегін көрсетіледі.

​ Жалпы өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырған ресми - 1672 адам тіркеліп отыр, оның ішінде симптомсыз – 1140 адам. Емделіп шыққандар – 664 адамды құрап отыр. Сонымен бірге, облыс көлемінде пневмония ауруы кең таралуда. Бүгінгі таңда 1025 науқас ем алып жатыр. Күніне орташа есеппен пневмония ауруы бойынша 300–ге жуық адам шағымданып, соның ішінде 150-ге жуық адам ауруханаға жатқызылуда. Алайда, соңғы күндердегі деректер науқастар санының төмендегенін көрсетіп отыр.

Маңғыстау облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі