23 Маусым, 2020
Маркетинг делдалдары немесе Apple мысалы

Маркетинг делдалдары компанияға өз өнімдерін түпкі сатып алушыларға ілгерілетуге, сатуға және таратуға көмектеседі. Оларға сатушылар, дистрибуция фирмалары, маркетингтік қызмет агенттіктері және қаржы делдалдары кіреді. 

5026078-apple-store-computer-glass-logo-brand.jpg

05340089.jpg

59cdab516b839331509741.jpeg

Делдалдар – компанияға клиент табуға немесе сатуды ұйымдастыруға көмектесетін дистрибуциялық арна компаниялары. Олардың қатарына тауарды сатып алатын және сататын көтерме саудагерлер мен ритейлерлер кіреді. Дистрибуция фирмалары компанияға қорлары мен тауарларын өз орнынан діттелген орынға тасымалдауға көмектеседі. Маркетингтік қызмет агенттіктері – компанияның мақсатына жету және өз өнімдерін дұрыс нарықтарға жылжытуға көмектесетін маркетингтік зерттеу фирмалары, жарнама агенттіктері, медиафирмалар және маркетингтік консалтинг фирмалары. Қаржы делдалдары – банктерді, кредиттік серіктестіктерді, сақтандыру компанияларын және тауарларды сатып алу мен сатуға байланысты тәуекелдерді сақтандыруға көмектесетін басқа да кәсіпорындар.

UC-Sales_0.jpg

Apple-premium-reseller-1.jpg

s1200.jpg

7183f6b136cd0cfba00bc291a6047bfe.jpg

5c8c0e0b113a505ecd00ade5.jpg

Apple-Store-fifth-avenue-new-york-redesign-interior-091919_big.jpg.large_2x.jpg

Жеткізушілер сияқты маркетинг делдалдары да компанияның жалпы құндылық жеткізу желісінің маңызды бөлігін құрайды. Осылайша қазіргі маркетологтар өз делдалдарымен өнім сататын арналар емес, серіктес ретінде жұмыс істеудің маңызын мойындайды. Apple компаниясының әлемдегі жүздеген елде жеке бөлшек сауда нүктесі бар бола тұра, бүкіл әлем бойынша өз өнімдерін сатуға көмектесетін өкілетті делдалдардың қызметіне жүгінеді. Бұл келісім бойынша Apple өнімдері өз дүкендерінде де, өкілетті делдалдар қолында да бірдей бағамен сатылады. Apple компаниясы бұл өкілетті делдалдарға серіктес ретінде қарайды және жақында делдалдарға арналған жоғары санатты серіктестік бағдарламасын қайта жаңартты. Ұйым Apple-дің жеке бөлшек сауда формуласына сүйене отырып, демонстрациялық элементтерді Apple компаниясының техникалық сипаттамасына сәйкес келтіру үшін делдалдар дүкендерінің жаңартылуын бірлесіп қаржыландырады. Өз өнімдерін сатушылардан басқа Apple компаниясында өкілетті қызмет көрсетушілер деп аталатын делдалдардың тағы бір жиынтығы бар. Бұл өз клиенттеріне жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша ұйымдарды ұсынатын компаниялар немесе жеке тұлғалар. Бұл делдалдар атқаратын қызметтер ауқымына қарай өкілетті қызмет көрсетушілер немесе шектеулі қызмет көрсетушілер болып бөлінетін екі санаттың біріне жатады. Apple қолданылатын жерлерде өз қызметкерлеріне еңбекақы, жол жүру шығынын және бөліктерге арналған өтемақы төлеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ олар өнімдерге жан-жақты қол жеткізу мүмкіндігі, ақпаратты жаңарту, қызмет көрсету, ақауларды жою, кәсіби техниктерге арналған техникалық қолдау және т.б. қызметтерін ұсынады. Сонымен қатар серіктестер Apple қорларының локатор жүйесіне қосылып, Apple-дің жақын арадағы қызмет көрсетушілерді іздейтін тұтынушыларға арналған веб-сайтын қолдана алады.

1425023901-apple-gotovit-prezentaciyu-novinok-9-marta.jpg

apple-lisa-new-03.jpg

853ce080ea2b35a4ed0d39a9eb41cdb0.jpg

Котлер Филип, Армстронг Гари

«Маркетинг негіздері»,

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылған кітап

Аружан Мырзатай
Ruh.kz
Фото: ашық дереккөздерден