7 Маусым, 2018
Маусым басында «Рухани жаңғыру» аясында өтетін іс-шаралар

Бүгінге дейін республика аймақтарының әкімдері әртүрлі мәлімдемелер жасап, өз жоспарларымен бөлісті. Елбасы өткен жылы жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген біршама міндеттемелер жүзеге асып, халықтың игілігі үшін жұмыс жасауда. Әсіресе «Туған жер», «Қазақстанның қаиетті географиясы» сынды бағыттар қарқынды түрде іске асырылуда. Республика көлеміндегі ең тамаша, қасиетті һәм киелі жерлердің электронды жол картасы, туристер гиді жасалынып, қолданысқа берілді. 


Азаматтық құқық, сөз бостандығы, жаңа бастамаларға ұмтылыс тақырыптары бойынша тың идеялар қозғалып, дөңгелек үстел басында қатысушылар пікірлерін ортаға салды. Сонымен, маусым айының алғашқы жартысында қандай игі шаралар ұйымдастырылмақ?



Қазақстанның қасиетті жерлері бойынша мектеп оқушыларының Республикалық өлкетану акциясы



2018 жылдың 10-шілдесі күні «Туған жер» арнайы бағыты аясында Қазақстанның қасиетті жерлері бойынша мектеп оқушыларының республикалық өлкетану акциясы басталады. Аталмыш акция республикалық «Рухани жаңғыру» жобалық басқару кеңсесінің бастамасымен қолға алынып отыр.



Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Туған жер» бағытының мәні мен маңызын тереңнен қозғай келіп, туған өлке тарихын орта мектепте оқу қажеттілін айрықша атап өтеді.



«Біріншіден, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді-мекендерді  абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді», - дейді Елбасы.



 



Мақала жарық көргеннен бері Қазақстанның киелі жерлерін зерделеуге бағытталған ауқымды ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы құрылды. Жыл басында «Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары» және «Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары» кітаптары жарық көрді. Аталған ғылыми жұмыстар Қазақстанның қасиетті жерлеріне жасалған этномәдени экспедициялардың нақты нәтижесі болды.



Республикалық өлкетану акциясы мектеп оқушыларына туған жерінің тарихы мен мәдениетін тереңірек зерделеп, қасиетті орындардың өзіндік ерекшеліктерін танып-білуге бағытталған. Жазғы демалыс уақытында мыңға тарта оқушылар (олимпиада, байқаулар жеңімпаздары, аз қамтылған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көп балалы отбасынан) еліміздің қасиетті нысандарымен танысу мүмкіндігіне ие болады.



Жас өлкетанушылардың қауіпсіздігі ескеріле отырып, жол мен уақыттың тиімділігі назарға алынып, ыңғайлы транспорт және басқа да қажетті жағдайлар толық қамтамасыз етілген. 



Өткен жылғы Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы міндеттеп берген тарихи орындар мен қасиетті мекендерді насихаттап, жастарға қарқынды түрде дәріптеу секілді бағыттар осылайша сәтті түрде жүзеге асуда.



 «Азаматтық бастамалар - дамушы драйвері» «LEVEL UP!» халықаралық конференциясы



2018 жылғы 13-14 маусымда «Болашақ бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Азаматтық бастамалар - дамудың жүргізушісі» атты халықаралық конференция өтеді. Азаматтық қоғамның әлемдік көшбасшыларымен кездесулер, озық тәжірибелермен танысу, мастер-кластарға қатысу, пікірталас алаңдары және жан-жақты шаралар өткізу жоспарлануда.



«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының көлемінде атқарылғалы отырған ауқымды істің мақсаты -  қоғамдық инновациялар мен азаматтық бастамалардың рөліне, азаматтық қатысу мен азаматтық жауапкершіліктің маңыздылығына назар аудартуға ықпал ету. Басқа елдердің тәжірибесін саралау, сарапшылардың пікірі. Әлеуметтік инновациялар үкіметтік емес ұйымдар мен жергілікті қауымдастықтардың қаржылық тұрақтылығының тиімді балама құралдары ретінде қарастыру.



Әлеуметтік инновациялар мен азаматтық бастамаларды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасаудың негізгі факторлары мен қажеттіліктеріне назар аудару ARGO веб-академиясының ҮЕҰ үшін алғашқы онлайн курстарын ұсынады. Қонақтар Innovation Talks барысында қызықты адамдармен танысу үшін Level Up Prize үздік азаматтық бастамалары байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысады.



Биылғы жылы Орталық Азия мен ТМД елдерінің, Еуропа, АҚШ, Латын Америкасы, Солтүстік және Оңтүстік Африка, Оңтүстік және Шығыс Азия елдерінен 200-ге тарта сарапшы, азаматтық қоғам өкілдері, халықаралық ұйымдар, бизнес, мемлекеттік органдар өкілдері күтілуде.



Жаңа ұрпақтың бәсекеге қабілетті, инновациялық технологиялар мен жасампаз жаһанның жаңалықтарынан хабардар болуы – «Рухани жаңғыру» мақаласындағы негізгі міндеттердің бірі.



Іс-шараға ҮЕҰ, мемлекеттік органдар, жергілікті қауымдастық басшылары, ғалымдар мен Орталық және Оңтүстік Азия, Әзірбайжан және басқа елдердің 200 жуық өкілдері қатысады.



Спикерлер (лауазымы, байланыс деректері):



Ато Браун, Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі;



Анастасия Стыценко, Қырғызстан;



Асель Кубанычбекова, Қырғызстанның әлеуметтік кәсіпкерлер ассоциациясы Қырғызстан;



Мейкатон: «TOM: Алматы», Казахстан;



Алексей Куликов, «Перекресток», Казахстан;



Тәжікстан (ТВС); Ауғанстан (ТВС);



Моңғолия (ТВС);



Түрікменстан (ТВС) және басқа да қатысушылар.



Маусымның 13-14 жұлдызында Алматы қаласындағы RIXOS қонақ үйі қабылдайтын халықаралық жиын барысында әлеуметтік инновация мен азаматтық дамудың күллі қоғамға қаншалықты әсер ететіні туралы, қоғамдық күшті дамыту концепциялары жайында сөз қозғалады.



 «Ұлы Жібек жолындағы Орталық Азия: ежелгі кезеңнен осы кезеңгедейінгі мәдениеттер мен конфессиялардың диалогы» конференциясы



«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Алматы қалалық ЮНЕСКО-ның кластерлік бюросының қолдауымен «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы «Мемлекеттік музейінің» ұйымдастырумен 2018 жылы маусым айының 13-15 күндері сағ.10.00-де «Ұлы Жібек жолындағы Орталық Азия: ежелгі кезеңнен осы кезеңге дейінгі мәдениеттер мен конфессиялардың диалогы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.



Мәдениетаралық, конфессияаралық диалогты және діндер тарихын зерттеусіз қазіргі әлемдегі геосаяси үдерістерді түсіну мүмкін емес.Ұлы Жібек жолы мыңдаған жылдар бойы әлемдегі жетекші діндер мен мәдениеттер арасындағы толеранттылық қатынастардың үлгісі болды. Бұл үрдістің жаңғыруы – қазіргі заманның маңызды міндеті.



Ғылыми пікірталас барысында қазіргі заманғы Орталық Азиядағы діни конфессиялардың күнделікті іс-тәжірибесінде қажетті саяси және әлеуметтік шешімдерді дамытуға арналған болады.



Келесі ғылыми бағыттар бойынша кең пікірталас алаңын ұйымдастыру жоспарланып отыр:



- Орталық Азия экономикасының құрылымына дүниежүзілік экономиканың құрылымындағы өзгерістердің әсері;



- Орталық Азия елдерінің әлеуметтік жаңғыртудың перспективалық бағыттарын анықтау және әлеуетін зерттеу;



- Орталық Азия елдерінде қауіпті жұмыс орындарының факторларын және негізгі нысандарын зерттеу;



- әлеуетті зерттеу және халықаралық еңбек көші-қонының болашақ бағыттарын анықтау.



«Интерактивті мәдениетаралық сұхбат» (www.interculture.online) онлайн-платформасы негізінде мәдениетаралық диалог саласындағы цифрлық оқыту және шығармашылық даму дағдылары бойынша жоба мен зерттеу құзіреттіліктерін дамыту бойынша вебинар өтеді. Бұл пилоттық вебинар (40 минутқа есептелген) тыңдаушыларға болашақта қолдануға болатын, соның ішінде әлеуметтік және инклюзивті бағдарламалар шеңберінде цифрлық оқыту мен дамыту дағдыларын игеруге мүмкіндік береді.



Конференция жұмысына жақын және алыс шет елдерден танымал ғалымдар, тарихшылар, археологтар, діни ғалымдар, философтар қатысады.



Конференцияға қатысушылар - (15 маусым) ЮНЕСКО-ның Бүкіл әлемдік Мұралар ескерткіштерінің тізіміне кірген Тамғалыға арналған салалық семинарға жетекші халықаралық және отандық сарапшылар қатысады.



«Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ұлттық құндылықтарды дәріптеу және оларды көз қарашығындай қорғау қатаң ескертілген болатын. Сол міндеттемелерге сәйкес, еліміздің бірнеше қалалары мұражайдағы экспонаттарға, қасиетті табиғат аймақтарына, киелі орындарға, тарихи мекендерге деген жастардың қызығушылығын арттыру үшін бар күштерін сарқа жұмсауда.



Ал жоғарыда айтылған конференция жастар мен мемлекет қызметкерлеріне геосаяси қиыншылықтар мен азаматтарға жасалған мүмкіндіктер туралы түсіндіріп, қажетті мағлұмат беруді мүдде тұтады.


ruh.kz
edu.gov.kz