12 Қаңтар, 2021
Мажарстан өкілдері «Бозоқ» қалашығын зерттеуге қолдау көрсетпек

«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Бозоқ көне қалашығының археологиялық қазба жұмыстары негізінде ашық аспан астындағы ұлттық парк құру» жобасын іске асыру аясында Мажарстан Халық Республикасының өкілдерімен кездесу өтті, деп хабарлайды Ruh.kz ҚазАқпартатқа сілтеме жасап.

Музей қызметкерлерінің айтуынша, ұлттық парк аумағындағы тарихи ғұндар қонысын қалпына келтіру жоспарланып отыр. 

«Оның қайта құрылуы ғұндардың ертедегі түріктермен тығыз байланысымен анықталады. Кездесу барысында Мажарстандық «Тұран» қорының жетекшісі Андраш Жолт Биро,
Будапешт қаласының Табиғи тарих музейінің директоры және ғылыми қызметкері ғұндар қоныстарын зерттеу және қайта құру, археологиялық объектілерді музейге
айналдыру бөлігінде жобаны қолдауға дайын екендіктерін білдірді», – деп мәлімдеді музейде.

бозок встреча.jpg

встреча бозок.jpg

Ruh.kz
ашық дереккөздерден