10 Сәуір, 2018
Мектептер оқушыларымен «Рухани жаңғыру» тақырыбында семинар өтті

«Рухани жаңғыру» – еліміздегі білім беру саласының, соның ішінде мектептер үшін айрықша маңызға ие. 


Бұл маңызды құжат жоғары мектептің тәрбие және идеологиялық жұмыстарын жүйелеуге кең мүмкіндіктер ашады. Осыған орай М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ғалым-оқытушылары «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының концептуалдық негіздерін түсіндіру мақсатында Шымкент қаласындағы 128 мектепке арнайы ат басын бұрды. Айта кетерлігі, дәріске  9-10-11 сыныптардан  29984  оқушысы қатысты. 



М.Әуезов атындағы ОҚМУ жанындағы колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, ОҚО Өңірлік Сараптама Кеңесінің ғалым-хатшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Артық Нұралиева:



– «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, шын мәнінде қоғамдық сананы өзгерту бағытындағы гуманитарлық ғылымдағы инновациялық серпіліс. Алайда,  кез келген ғылыми жаңалықтың құндылығы оның методологиялық дайындығымен анықталады. Сондықтан бүгінгі жоғары мектептің, гуманитарлық ғылымдардың алдыңдағы маңызды міндет – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының методологиясын негіздеу болып табылады. Методологияны өзін, күрделі теориялық және тәжірибелік міндеттерді жүзеге асыру мен қолданудағы дүниетанымдық қағидаларының жиынтығы деп кең мағынада түсінуіміз керек. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының методологиялық негізінде Елбасының еңбектері тұруы тиіс. Ол үшін түрлі салалардағы ғылыми ойлардың кең ауқымдағы интеграциясы қажет.



Бүгінгі әлемдік бәсекелестік заманында бізге сергектік пен серпіліс керек. Тұңғыш Президентіміздің тың идеялары жаңа нәтижелі көкжиектерге бастайды. Ал жоғары оқу орындары қоғамдағы қоғамдық сананы жаңғыртудың қозғаушы күші болуы тиіс, – деді



Құрамында ғалым, доцент және оқытушылар бар насихаттық топ Шымкент қаласының жалпы білім беретін орта мектептерінің жоғары сынып оқушыларының арасында бағдарламалық мақаланың тұжырымдамалық негіздері мен басты идеяларын түсіндіруге байланысты өз ойларын ашық жеткізді. 


ruh.kz
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті