16 Желтоқсан, 2018
«Мен үш рет барлығын жоғалттым және бәрін басынан бастадым». Михаил Гуцериевтің бизнес ережесі

Михаил Гуцериев қиындық пен маңызды құндылықтарды жоғалтудың не екенін жақсы біледі. Оның ата-анасын ингуш халқын тарату науқаны кезінде Қазақстанға жер аударды. Сондай-ақ, қоғамдағы барлық құқықтарынан айырып, қолдарындағы барлық мүліктерін тәркілеп, құр қол қалдырған.


Болашақ миллиардер мектепті Шешен-Ингуш АКСР-і құрамына кіретін Грозный қаласында тәмәмдаған. Сол кезде тақтаға желімделген ашық хаттарды сату арқылы Гуцериев алғашқы табысын тапты.



1990 жылдардың басында Гуцериев Мәскеуге келгенде оның кәсібі де басқа бағыт алды. Ол «БИН» консорциумының негізін қалады. Сонымен қатар, бес жыл бойы мемлекеттік думада қызмет жасады. Ал 2000 жылдардың басында «Русснефть» компаниясының негізін қалаған және басқарған. Ал бүгінде ол Ресейдегі алпауыт және жеке компаниялар рейтингінде 58-орында тұр. 2000 жылдардан бастап Гуцериевте түрлі мәселелер орын ала бастады. Анықтап айтсақ, 2007 жылы Тергеу комитеті оны заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты деп айыптады.



Осы айыптаулардан кейін миллиардер «Русснефь» компаниясын Олег Дерикаспеге сатып, Лондонға кетуге мәжбүр болды. Өзінің айтуы бойынша, Гуцериев екі жылдан кейін Сбербанк басшысы Герман Грефтің және «Система» инвестициялық компаниясының жетекшісі Владимир Евтушенковтың көмегімен елге оралды. Оралғаннан кейін өз күшіне мініп, «Русснефть» компаниясын өзіне қайтарды. Өз туысқандарымен жасаған осы кәсібінен кейін-ақ оның тасы өрге домалады.



2017 жылы Орталық банк 1990 жылдардың басында Гуцериевтің кәсіп-империясы ретінде құрылған Бинбанкке санкция салды. Бұл санкция бірақ миллиардердің «М.Видео» және «Эльдорадо» ретейлерін сатып алып, біріктіріп елдегі тұрмыстық техникалар нарығының үштен біріне бақылау жасауына кедергі бола алмаған-ды. Ал 2018 жылдың мамыр айында Гуцериев 60 жасын мемлекеттік Кремль сарайында тойлады. Оны ресейлік эстрада жұлдыздарының барлығы құттықтағанын білеміз. Өйткені, миллиардер тек қана радиостанцияларға иелік жасап қана қоймай, олардың әндеріне мәтін жазып беретін.



Ендігі кезекте Михаил Гуцериевтің тамаша пікірлерін тізіп көрелік.



«Ресейдегі бизнес орманда өмір сүретін салпаң құлақ қоян секілді. «Иә, артымда ешкім жоқ. Бәрі тек қорқыныш қана», - дей жүріп, өз қорқынышын баса алмайды және қашуын тоқтатпайды. Сондықтан, кәсіп жолында қоян емес, арыстан болмақ керек. Бұл – нағыз шындық. Қоян әлі қашып келеді. Дағдарыстан, «ертеңгі күні мен бірдеңе айтып немесе жасап қойсам, мендегі барлық нәрсені жоғалтып аламын» деген ойдан қорқыныш жөнді кәсіп жасауға кедергі. Барлық уақытта қорқыныш. Біз осындай дәуірде өмір сүрудеміз».



«Мені неге жұмыскер деп атайды? Мен тек дағдарыстар мен құлдыраулардан айналып өту үшін максималды еңбек етемін».



«Мен демалысқа бармаймын. Тек іссапарламен жүремін. Мұным демалыс қызықсыз болғандықтан деп түсіндіремін. Теңіз жағасына бару үшін ел асудан асқан ақымақтық бар ма? Қалай ғана жағажайда жай жатуға болады? Біреудің жамбасы, біреудің төсі көрініп жүрген жерде балалармен жүру дегеніңіз... Ер адамға осы дүние жарасымды ма?»



«Менде бес сағат уақыт қана ұйқыға бөлінген. Мен минутпен емес, секундпен санасамын. Мен Құдай берген дүниенің бәрін барынша тиімді пайдалануға тырысамын. Бұл сараңдық емес, бұл – өмір заңдылығы. Мен осы уақыт шеңберінде ғана осылай өмір сүре алатынымды білемін. Мыңдаған ақпарат пен әлемге деген есік ашық кезде уақыт барлығы үшін жеткіліксіз».



«Байлық – бұл міндет, бұл жауапкершілік. Байлықты басқару, дамыту қиын. Қазігі уақыттағы байлық сандықта жатқан алтын емес. Қазіргі байлық – активтер. Ал оларды жаңғыртып, дамытып, екінші кезеңге өткізіп отыру қажет. Бұл нарық алдында, тұтынушы алдында, серіктес алдында несие секілді жұмыс. Жауапкершілігі ауыр. Әрдайым ой үстінде болуды талап етеді. Әкең немесе көкең қалған байлық қана оңай. Ал қалғанының бәріне үлкен жауапкершілік, ерен еңбек қажет».


Ruh.kz
Екатерины Чеснокова