1 Желтоқсан, 2019
«Менің туым – менің отаным!»

1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Шымкент қаласындағы Әл-Фараби алаңында мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге арналған патриоттық акция өтті.


ту.jpg

Салтанатты жиында қала әкімі Ерлан Айтаханов жиналған жұртшылықты аталмыш мерекемен құттықтап, мемлекеттік рәміздердің маңызына тоқталды:

«Елбасымыз атап өткендей, ерекше құнды белгілер ел Тәуелсіздігін күллі әлемге танытты. Халқымыздың рухын, бастан кешкен тарихын, бүтіндей бір мәдениетін көрсетті. Ұлттың салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, арман-тілегін жеткізді. Сондықтан әр азамат көк байрақ Туымызды, Әнұранымызды, Елтаңбамызды қастерлеп, ардақ тұтып жүруі тиіс», - деді қала әкімі. 

d3.jpg

Салтанатты жиында Ерлан Қуанышұлы облыстың ең белсенді жастарына «Nur Otan» партиясының мүшелік билеттерін табыстады. Алқалы жиын қалалық мәдениет үйі өнерпаздарының мерекелік концертімен жалғасты.

ту4.jpg 

Шымкент қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі