4 Желтоқсан, 2018
Менің арманым – менің күш-қуатым

Арман шіркін адамда ешқашан таусылмайды. Бір арманыңды белгілі бір дәрежеде орындап, болып-толдым дейін десе, келесі бір арманы қыр астынан шыққан қызыл түлкідей жарқ етіп алдына шығады.


«Болады деп арманда, боларды да, болмасты» деп Мұқағали айтпақшы, адам арманнан ешгқашан қол үзбегені жөн. Адам қашан армансыз болса, онда оның өлгені.



Арман – сенің болашағыңның трейлері. Егер сен әрекет адамы болсаң, болашағыңның толық көрсетілімін тамашалай аласың.



Армандадың ба, орындауға тырыс! Мейлі, ол арманың қолжетімсіз болса да.


Ruh.kz
Nurlybek Buhpin