13 Ақпан, 2019
МҮМКІНДІКТЕР БАСТАУЫ

Жастар жылын өзіндік сән салтанатымен Еуразия ұлттық университеті ашты. Тәуелсіздіктің ұрпақтары халық назарына өздерінің жобаларын ұсынып, тың идеяларымен бөлісті.


  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялап, жастарды және отбасы институтын кешенді қолдау ісінің мемлекеттік саясатта басымдылыққа ие болуы керектігін мәлімдеген болатын. Осы орайда Университеттің Ғылыми кеңесі Жастар жылына арналған жол картасы мен бағдарламаны талқылап, бекітті.



Оқу орны тәлімгерлерінің алға қойған  мақсаттары биік. «Жастар» бағдарламасының жоспарында  рухани патриоттық шаралар, білім және білік,  ғылым және халықаралық қатынастар, әлеуметтік бағыт, саламатты өмір салты бойынша жыл бойы іс-шаралар өтеді. Оның ішінде рухани салада республикалық ән байқауы, пікірсайыс турнирі, жас ақындар айтысы,  мүшәйра, жайдарман ойындары, сурет көрмесі, шығармашылық концерттер, «Президент және жастар» атты жас ғалымдар мен саясаткерлердің арнайы дәрістері бар.



   Ғылым және халықаралық қатынастар саласында да ауқымды шаралар жүзеге аспақ. Атап айтқанда, жас ғалымдар арасындағы «Үздік ғылыми жоба», жас ғалымдардың «Ғылым және білім – 2019» атты ХІV халықаралық ғылыми конференциясы, «Жасыл ғалам» экологиялық жобасы, республикалық Жас ғалымдар кеңес-семинары, Қазақстан халқы бірлігі күніне арналаған «Достық» фестивалі, «Туған жер» туристік-танымдық жобасы ешкімді де бейжай қалдырмайды. Соынмен қатар саламатты өмір салтын айтпағанда, әлеуметтік бағыттағы жаңа Студентер үйінің құрылысын бастау, оқу ғимараттарында Коворкинг және шығармашыл жастардың «Өнер» орталығын ашу Жастар жылындағы жарқын істердің бірі болмақ.



http://www.enu.kz/pictures/fevral-2019/god-molodyozhi-v-enu-5.JPG" />



    Университет қабырғасында өткен шара барысында Тәуелсіздіктің ұрпақтары өздерінің жобаларын халық назарына ұсынды. Атап айтқанда, тарих факультетінің студенті Хайруллин Жанболат «Start up» бизнес инкубаторы жобасымен, Жас ғалым, ЕҰУ «Болашақ» бағдарламасының түлегі Ботагөз Сүлейменова «Fresh free» суды қайта өңдеу жайында жобасын ұсынды. Мұнда тек қазақ азаматтары емес, өзге ұл өкілдері өз жобаларымен таныстырды. Мәселен, Вьетнам елінің азаматы Джон Нгуен  ЕҰУ – дің халықаралық беделі және «БҰҰ моделі» конференциясы туралы, ал Кебир Мохаммед пен Исраэль Могис есімді Эфиопиядан келген студенттер «Qamqor» волонтерлік қозғалысы жұмысын жандандыру жөнінде сөз қозғады.



http://www.enu.kz/pictures/fevral-2019/god-molodyozhi-v-enu-2.JPG" />



     Еуразия университетінің жастар саясаты орталығының басшысы Астана қалалық жасөспірімдер республикалық қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиал төрағасы Налшыбек Асхат Бағдатұлы Жастар жылының жастардың өздеріне артылар үміттің зор екендігін атап өтті:




- Бүгін Жастар жылы аясында іс-шара өтіп жатыр.  Басты мақсаты университетіміздегі елорда жастарын патриоттық, әскери патриоттық жас өспірімдерімізді тәрбиелеу мақсатында. Оның ішінде біздің университетімізге ұсынып отқан жобаларымыздың бірі ол - рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Менің елім тарихи өлкетану жобасы». Оқу ордамыздың белсенді жастары еліміздің барлық аймақтарына  бармаса да, Түркістан облысындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне, Арыстан баб кесенесі, Қызылордадағы Қорқыт ата кесенелеріне барып, рухани байлық алып қайтты. Сондай – ақ, елбасымыз «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын ұсынған болатын. Сол мақсатта Астана қаласының жеті кереметін жастарымызға көрсетуіміз керек. Жастар жылында жастардың атқарар шаруасы өте көп.



http://www.enu.kz/pictures/fevral-2019/god-molodyozhi-v-enu-10.JPG" />




Расында да, қоғамның дамуында жастардың алар орны бөлек. Ол үшін оларды қолдап, демеу білдірсек жеткілікті, дейді шара ұйымдастырушылары. Сондай–ақ, Асхат Бағдатұлы жас сарбаздар сыныптарын ашуды ұсынып отыр. Шындығында да, керек дүние. Себебі, ері мықты елдің , ертеңі жарқын демейді ме.



http://www.enu.kz/pictures/fevral-2019/god-molodyozhi-v-enu-3.JPG" />



Ойларын жетілдіріп, мақсатына жеткен Сүлейменова Ботагөз «Болашақ» бағдарламасының түлегі:




-      Мені тамыз айында жобаға шақырды. Суды қайта өңдеу, оны қайта пайдалану тақырыбындағы жоба болды. Бұл жобаның жетекшісі Мейрамқұлова Күләш Садыққызы. 2018 жылы біз лабороториядағы құрылғыны ойлап таптық. Биылдан бастап, Ақмола облысының Аршалы ауданында орналасқан құс фабрикасында прототипті үлкейтіп енгіземіз. Ол қандай технология? Су ластанады, қолданысқа жарамай қалады. Біз сол суды қайтадан таза қалпына келтіру процессін жасаймыз. Шамамен 40 минуттай уақыт кетеді.



http://www.enu.kz/pictures/fevral-2019/god-molodyozhi-v-enu-8.JPG" />




  Әлемдегі алпауыт елдердің қатарына қосылуды көздеген еліміздің келешегі, әрине, жастардың қолында. Жас келсе іске,- демекші бүгінгі білімді де, білікті жастардан еліміз зор үміт күтеді. Ал, Бас қаланың жастары, соның ішінде Еуразия университеті жастары ғылым және халықаралық қатынастар, білім салаларындағы атқарылатын істеріне білек сыбана кірісуді бастап кетті.



Шынар Болат, RUH.KZ



                                           



 


Ruh.kz
ЕҰУ баспасөз-қызметі