24 Қазан, 2020
«Мың күбі» мүсіні қойылды

Былтыр «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақтың қоғам қайраткері, ақиық ақын С.Сейфуллиннің 125 жылдығына және Жаңаарқа ауданының 90 жылдық мерейтойына орай «10 000 литр Жаңаарқа қымызын бір мезетте 1 000 күбіге құйып, пісу» шарасы ұйымдастырылып, әлемдік және Қазақстан рекорды орнатылды. 

Осыған орай Аудан әкімінің қолдауымен «Жаңаарқа кенті әкімінің аппараты» ММ-нің ұйымдастыруымен Жаңаарқа кентінің кіре берісіне «Мың күбі» атты мүсін қойылды. 

Ruh.kz