31 Қаңтар, 2018
Н. Нығматулин: Халықты мемлекеттік тапсырысты орындау үшін тарту қажет

Мәжіліс үйінде  Палата төрағасы Нұрлан Нығматулиннің  төрағалығымен өткен кезекті жалпы отырыста коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелеріне түзетулерге арналған заң жобасы бірінші оқылымда талқыланды.


Алқа отырысында Мәжіліс спикері мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарттарына айрықша назар аударды.



Ауылдағы үкіметтік емес ұйымдардың деңгейі мен ірі қалалардағы ұйымдар деңгейінің айырмашылығы бар екеніне баса көңіл бөлген Н. Нығматулин арнайы конкурстарда ауылдағы үкіметтік емес ұйымдардың грантты да, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты да жеңіп алуы қиын екенін алға тартты.




«Шынында да   әлеуметтік стандарттар дайындалған кезде міндетті түрде  ауылдың жағдайын ескеру керек.  Себебі, ауылдың да, қаланың да өз ерекшелігі бар. Сондықтан, стандарттарды енгізгенде осы ерекшеліктерге қарай тиісті жағдай жасау қажет»,-деді Мәжіліс спикері.  




Айта кетейік, бұл заң жобасының мақсаты мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асырудың тиімділігі мен ашықтығын арттыру арқылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы заңнаманы жетілдіру болып табылады.


ruh.kz