3 Қараша, 2017
Н.Назарбаев: «Рухани жаңғыру» - бұл партияның ағымдағы идеологиялық жұмыстарына арналған тұғырнама

Жаңғырту еш уақытта да оңай болмайды.Ол айтарлықтай қарсылықтарды туындатуы мүмкін. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.



«Жаңғырту еш уақытта да оңай болмайды. Ол айтарлықтай қарсылықтарды туындатуы мүмкін. «Нұр Отан» партиясының рөлі ең алдымен жаңғырту бағдарын саяси қолдаудың тетіктерін құруда. Билік тармақтары арасында өкілеттілікті бөлу  бойынша  конституциялық реформаларға келетін болсақ, бұл – елдің саяси жүйесін демократияландыруға бағытталған қадам. Біз елдің саяси жүйесін демократияландыруға бағытталған қадамды жасауымыз керек. «Нұр Отан» партиясы ойды түсіндірудің әшейін ғана мінбері болып қана қоймай, сонымен бірге оны барлық деңгейде белсенді ілгерілетуі тиіс», - деді Елбасы.



Мемлекет басшысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының  рухани рөлін атап өтті.



««Рухани жаңғыру» бағдарламасы - бұл партияның ағымдағы идеологиялық жұмыстары үшін тұғырнама. Бағдарламаны жүзеге асыруға лайықты қатысу үшін партия өз жұмысын тиімді жолға қоюдың нақты тетіктерін табуы керек», - деді Н.Назарбаев.



Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясын жаңғырту қажеттігін айтқан болатын.



Қайрат Жандыбаев 



 


ruh.kz