11 Сәуір, 2018
ОҚО-ДА Рухани жаңғыру бастауы – тәрбие» атты онлайн режимдегі тағылымдық шарасы өтті.

13 наурызда Шымкент қаласы, М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған №8 гимназияда «Рухани жаңғыру бастауы – тәрбие» атты онлайн режимдегі тағылымдық шарасы өтті.


Облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі мен білім басқармасының бастамасымен жүзеге асырылған іс-шараның кезекті қонағы ардақты әже, «Құрмет» және «Алтын алқа» ордендерінің иегері Айымхан Рахиева болды. Айта кетерлігі, онлайн режимде өткен тағлымдық ток-шоуға бір мезетте 1038 мектептің 9-10 сыныптарынан 23 мыңға жуықоқушы қыздар қамтылды.

Қазақ халқында «Қыз – елдің көркі, гүл – жердің көркі» деген мақал бар. Мақалдың мәні қыз баланың нәзіктігін, сүйкімділігін, салтқа беріктігін білдіреді. Осындай мақал-мәтелдерді, ұлағатты сөздерді басшылыққа ала отырып, облысымыздың мектептерінде білім алып жатқан қыздармен әдет-ғұрып, салт-сана, тәлім-тәрбие туралы пікір алмасты.   

 – «Рухани жаңғыру»  бағдарламасындағы  басымдықтардағы оқушылардың бойына сіңіре отырып, қыз тәрбиесіне қатысты ырым-тиымдар арқылы қыздардың бойына жауапкершілік пен ізеттілік, парасаттылық, қасиеттерін қалыптастыру. Сондықтан да халқымыз қыздарына төрден орын беріп, қонақ деп еркелетіп, парасаттылыққа баулып еркін өсірген. Ерке қыз, иманды әйел, қасиетті ана солардан шыққан. Қазақтың батыл қыздары ақын қыздары, ақылды қыздары ұлтты тәрбиелейді, – деді, ардақты әже Айымхан Рахиева.

Нәтижесінде, іс-шараға қатысқан қыздардың болашақ өмірлеріне керекті пайдалы кеңестер айтылды. Олар өз ойларын ортаға салып, тәлім-тәрбие, әдет-ғұрып жөніндегі көзқарастарын білдірді. Сонымен қатар, қыздардың бойындағы дарындылық, адамгершілік, азаматтық қасиеттерді қалыптастыру және тәрбиеге аса жауапкершілікпен қарау бүгінгі бойжеткендердің қолында екені жете айтылды.


ruh.kz
Айымхан Рахиевa