16 Қараша, 2017
ОҚО-да музей мамандарының басы қосылды

ОҚО-да ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі және Руханият – Әбу Нәсір әл-Фараби музейі бірлескен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Мәдени мұраны сақтау және қалпына келтіру мәселелері» республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті, деп хабарлады аймақ әкімдігінің баспасөз қызметі.



Семинар жұмысы музей қорындағы өткен тарихтың айғағы болатын құнды жәдігерлермен және өңірлік қолөнер шеберлерінің бұйымдарымен жабдықталған көрмеден бастау алды.



Музей саласының төңірегінде жүрген зерттеуші-ғалымдарды музей ісінде, музей мамандарымен бірлесіп зерттеулер жүргізуге жұмылдыру және еліміздегі әр өңірлік музейлердің қорында сақтаулы құнды мұраларымыздың тарихын ашуға, олардың аймақтық ерекшеліктері, жәдігерлерімізді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді қолға алуға үндеу жасау мақсатында ұйымдастырылған семинарға тарихшылар, отандық ғалымдар мен музей ісінің мамандары қатысты.



«Жиынды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті директорының орынбасары Әбіл Жоламанов ашып беріп, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының құттықтауын жеткізді. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық мұражайы директорының орынбасары Дәулеткерей Құсайынов және аудан әкімінің орынбасары Рыскелді Әліш Отырар тарихына, тарих зерттеушілері мен музей мамандарының еңбектеріне, жеткен жетістіктеріне тоқталып, қатысушы қонақтарға сәттіліктер тіледі», - делінген хабарламада.  



Ұлттық қол жазбалар және сирек кітаптар орталығы директорының орынбасары, философия ғылымдарының докторы Әмірқұл Әбуов: Түркістандағы жер асты жолын неге ашпасға,- деп ұсынысын білдіріп, әулиелігі мен кереметтері арқылы көпшілікке танылған тұлғалар жайлы «Рашахат Айн Әл-Хаят» атты кітапты мұражайға табыстады.



Семинардың пленарлық отырысында еліміздің әр түкпірінен келген қатысушылар баяндамалар оқып, тың ойларын ортаға салды. Сондай-ақ музейлер саласындағы өзекті мәселелері талқыланып, құнды жәдігерлердің музейлерге түсу жолы мен тарихының ашылуына ерекше мән беріліп, ұсыныс-пікірлерде айтылды.


ruh.kz
ОҚО ІСБ