10 Сәуір, 2018
ОҚО-да «WORLDSKILLS SHYMKENT – 2018» чемпионаты өтуде

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастыруымен облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері студенттерінің қатысуымен «WORLDSKILLS SHYMKENT – 2018» облыстық чемпионаты 2018 жыл 5-6 сәуір күндері өткізілді.


Чемпионатқа қатысушылар теориялық және тәжірибелік дайындығын, кәсіптік біліктілігін, шығармашылығы мен жоғары еңбек мәдениетін, заманауи, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды іс жүзінде қолдана алатындығын көрсетті. Сонымен қатар «WORLDSKILLS SHYMKENT – 2018» облыстық чемпионатына техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінен 114 студент мынадай құзыреттіліктері бойынша сайысқа қатысты: «Дәнекерлеу технологиясы», «Электромонтаж ісі», «Дизайн және киімдерді модельдеу», «Аспаз ісі», «Құрғақ әдіс және сылақ жұмыстары», «Инженерлік графика CAD», «Кірпіш қалаушы», «Плиткамен қаптаушы», «Ағаш ісі», «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету».



Сайытың соңын ала осы аталған құзыреттіліктер бойынша бекітілген сарапшылардың хаттамалық қорытындысымен чемпионат жеңімпаздары марапатталды.


ruh.kz
worldskills