10 Сәуір, 2018
ОҚО-дағы Қазығұрт тауына аспалы арқан жол салынады 

Туған жер проектін жүзеге асыру барысында алдағы уақытта Қазығұрт тауы заман талабына сай ірі туристік орталық ретінде қалыптастырылмақ.


Оңтүстік қазақстандықтар Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мерекесін ерекше атап өтті. Қазығұрт тауының баурайындағы қасиетті шыңдағы Кемеқалған нысанының қазығы қағылды, деп хабарлайды. 

Ойға алған жоспарларға қарағанда, төменнен Кемеқалған нысанына апаратын жалпы ұзындығы 3,1 шақырымдық канат жолы мен 4 шақырымдық жаяу жүргіншілер жолының құрылысы жүргізілмекші. Сондай-ақ, ұлттық ат спорты ойындарын өткізетін 20 гектар аумақта атшабар құрылысы жоспарланып жатыр.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясындағы ауқымды іс-шаралардың бірі ретінде "Наурыз – Қазығұрттан басталады" атты Наурыз тойы қолға алынды. Әрі алдағы уақытта Қазығұрт тауын заман талабына сай ірі туристік орталық ретінде қалыптастыру міндеті тұр. Осыған орай Қазығұртта арнайы кешен жасауды жобаланып отыр. Кеме Қазығұрттың биігіне орнатылмақ. Ұзындығы 137 метр, ені 30, ал биіктігі 15 метр үш қабатты болмақ. Музей, қонақ үй, мейрамхана, көру алаңдарының құрылысын салу қарастырылады. Екі шақырым көлік жолы мен жаяу жүргіншілер жолы салынып, жан-жақты абаттандыру, тынығу, демалыс алаңдарын жасау жұмыстары бар", – деді Жансейіт Түймебаев.

Осылайша облыс басшысы бастаған өңір азаматтары тарихи нысанның қазығын қақты. Жергілікті жұртты қуанышты жайтпен құттықтады.

Сонымен қатар, облыс әкімі биылғы жылы қолға алынатын ауқымды мәдени шараларды да атап өтті. Атап айтқанда, "Туған жерге тағзым: Ордабасы көктемі" жастар форумы, "Ұлтық қолөнер – ұлы мұра", "Ақсу-Жабағылының алауы, Шұбайқызылдың жалауы" қызғалдақ фестивалі, "Қауынфэст", "Қымызмұрындық", "Сафари Шардара" және тағы басқа да іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

 


ruh.kz
BNews.kz