15 Ақпан, 2018
ОҚО-дағы семинарда оқушылардың кітап оқуға құлшынысын арттыру жолдары түсіндірілді

Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасы мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің меморандумы негізінде аудан әдіскерлері мен облыстық мектептердің кітапханашыларының қатысуымен «Оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру: Reding time, 1,2,3, PIZA», атты семинар өткізілді.


Семинарда  1,2,3, «Bookcrossing», кітап тосын сый,  «REDAx», «Bookstart», «Зияткерлік мектеп оқушыларына ұсынылған 100 кітап» жобаларын ұйымдастыру жолдары көрсетілді.



Облыстық білім басқармасының әдіскері Гүлім Баймусаева ОҚО-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Leader Reader ON» кешенді іс-шарасы болып өтетінін хабарлап, өткізілу тәртібімен таныстырды. «Leader Reader ON» кешеді іс-шарасының негізгі мақсаты: оқушыларға білім таратудағы маңызды құрал – кітап екендігін түсіндіру. Оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, сапалы білім, саналы тәрбие алу  көп оқу, іздену керектігін түсіндіру. Бұл кешенді іс-шараға 1-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері қатысады.



«Leader Reader ON» кешенді іс-шарасының өткізілу тәртібіне тоқталар болсақ:



Бір айдың көлемінде оқырмандардың ішінен ең үздік 13 оқырманды анықтау және мектепішілік жиында марапттау.



Тоқсан сайын кітапханаға келген оқушылар арасынан үздік 13 оқырманды анықтап, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі  іс-шаралар ұйымдастыру және үздіктерді анықтау.



Жылдың 13 үздік оқырманын анықтап, олардың ата-аналарын «Соңғы қоңырау» салтанатты жиында марапаттау.Жылдың қорытындысы бойынша мамырдың  15-не төменде берілген 4 жанр бойынша қорытынды іс-шара ұйымдастыру.



Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысында  «Leader Reader ON» кешенді іс-шараның Ережесі бекітіліп, мектеп кітапханаларының жұмысы жаңа жүйе бойынша жүргізіліп,  жандана бастады. «Leader Reader ON» - деген сөз «Оңтүстіктің үздік оқырманы» деген мағына береді. «Leader Reader ON» кешенді іс-шарасының Ережесі бойынша облыс мектептерінің бәрінде айдың, тоқсанның, жылдың 13 үздік оқырманы анықталып, марапатталып отырады. Сондықтан да бұл іс-шараға Оңтүстік Қазақстан обылсындағы 1038 мектептің 668707 оқушысы жүйелі түрде қатысып, кітап оқу бойынша жарысқа түседі


ruh.kz...