1 Желтоқсан, 2017
Оңалту орталығы балаларының арасында спорттық жарыс өтті

Жаңаөзендік оңалту орталығында «Көңілді денсаулық» эстофетасы өтті. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімдігі хабарлады. 


Орталыққа ай сайын еліміздің білікті мамандары келіп, арнайы кеңес беру-диагностикалық емдеу шараларын өткізеді. Сонымен қатар мұнда демеушілердің көмегімен әлеуметтік бейімделу жұмыстарына да көңіл бөлінеді. Мәселен, «Көңілді денсаулық эстафетасы» атты спорт жарысы — осындай шаралардың бірі.





Шара барысында Әйгерім Саматқызы «Жұлдызай» медициналық оңалту орталығында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Ал, жеңімпаз балалар арнайы сыйлықтармен марапатталып, ойынға қатысушылардың барлығына ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.




«Қатарынан кем болып қалған бүлдіршіндердің тағдырына алаңдаушылық білдірген мұндай қайырымдылық істердің қолға алынуы қиындықтарға қарсы күресіп, баласының жеті мүшесін түзетуге тырысып жүрген мықты жандар үшін үлкен бір көмек болағандығы сөзсіз. Ашылған күннен бастап бүгінге дейін дейін осы орталықта тұрақты түрде массаж,  шынықтыру, невропатолог, ортопед-травматолог, логопед және психологтардың емдік шаралары жүргізіліп келеді. Мұнда балалардың церебралды салдануы (БЦС) диагнозымен ауыратын көптеген балалар тиісті оңалту медициналық көмектер алуда. Ал, Жаңаөзен қаласында БЦС диагнозымен 700-ден астам мүгедек бала есепте тұр». – дейді ұйымдастырушылар.




 


ruh.kz
МО ІСБ