6 Маусым, 2019
ӨНЕГЕЛІ КЕЗДЕСУ

Өздеріңізге мәлім, бірнеше кезеңнен тұратын зерттеулер мен экспедициялар нәтижесінде халықаралық ғалымдармен Мыңжылдық - Маңғыстау тарихы дәлелденіп, күні кеше өңір басшысы Ералы Лұқпанұлы Маңғыстау Мыңжылдығының бастау алғанын жария еткен болатын. 

Осы мақсатта аймақ жастары тарихи бастаманы қолдап, Маңғыстау өлкесінің тағылымын кейінгі ұрпаққа дәріптеу, жастарымыздың бойына тарихи сана қалыптастыру, әрбір жасты отансүйгіштік пен жауапкершілік сезімге тәрбиелеу, салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды, төл мәдениетімізді өскелең ұрпақ бойына сіңіру мақсатында 5 маусым күні облыс әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен «Көгез» этно ауылында «Мыңжылдық МАҢҒЫСТАУ, Туған жер - Ugrade» жастар лагерін өткізді. 

4.png

Бұл - рухқа тағзым, ата-баба аманатын орындау, жеткіншек ұрпаққа өнеге, ел үшін үлкен мақтаныш, тарих үшін тұғырлы іс.

Лагер барысында ұлттық ойындар (асық ату, арқан тарту, жамбы ату, көкпар, тоғызқұмалақ, ұршық иіру, аударыспақ, теңге ілу) ойнатылып, Шерқала - Айрақты тауы, Қызыл қала тарихи жеріне жастар саяхаты және жастардың экологиялық акциясы ұйымдастырылды. 

1.png

Ағаш үй маңына дарынды суретші Бекежан Мерейдің картиналары қойылып, «Өнер» колледжі суретшілерінің пленері ұйымдастырылды. 

2.png

Ұлттық тағамдар (бауырсақ, шұбат, құрт, балқаймақ, ірімшік) қойылып, өнерпаздар ұлттық аспаптта жыр-терме айтып, күй шертті. 

6.png

Жастар ІТ блогер Тимур Бектұрдың туризм және кәсіпкерлік тақырыбындағы семинар тренингіне қатысып, жобалармен жұмыс жасады. 

3.png

Лагерде Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов белсенді бір топ жастармен еркін пікір алмасып, жастардың туризм және ауыл шаруашылық салаларындағы маңызды идеяларын тыңдады. 

5.png

Кездесу соңында жастар аймақ басшысымен бірге «кешкі алауға» қатысып, естелік фотоға түсті. 

7.png

Маңғыстау облысы,

«Рухани жаңғыру» орталығының баспасөз бөлімі