Ақтөбе қаласы «Тәуелсіздік - жыр-әнім» облыстық өнер фестивалі өтті.
«Бұл фестиваль «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы, «Отаным-тағдырым» базалық бағыты бойынша жүзеге асырылды. Оның мақсаты өскелең ұрпақты туған жерге, Отанға, қазақ тіліне, қазақ халқының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікті арттыру және оқушылардың бойында еліміздің рухани құндылығы – төл өнерімізге, оның ішінде шешендік, жыршылық, ақындық өнерге деген қабілеттерін шыңдау, нағыз таланттарды насихаттау, қолдау, патриотизмге тәрбиелеу», - дейді ұйымдастырушылар.
Фестиваль аясында «Таза, мінсіз асыл сөз...» шешендік өнер байқауы, «Көмейден жыр ағылсын...» жыршылар байқауы, «Тәуелсіздік тартуы» бала ақындар мүшәйрасы өткізілді. Фестивальға аудандық, қалалық байқаулардан үздік шыққан 5-11 класс оқушылары, барлығы 74 талантты өнерпаздар қатысты.
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» дегендей, оза шыққан жеңімпаздар арнайы дипломдармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.