16 Қазан, 2018
Өңірлер «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын тиімді жүзеге асыру барысы туралы тәлім алады

Семинар-тренингтер кешені Қазақстанның барлық өңірлерінде жүзеге асырылады.


Орталық коммуникациялар қызметі мемлекеттік мекемелердің басшылары мен мамандарына, баспасөз қызметтері мен журналистерге арналған семинар-тренингтерге бастамашылық етуде. Аталмыш жобаның басты мақсаты қоғамдық сананы «Рухани жаңғыруға» арналған бағдарламаны жүзеге асыру үшін кадрларды қарқынды дайындау болып табылады.  



Ағымдағы жылғы 15-30 қазан аралығында Қазақстан бойынша мемлекеттік органдар мен мемлекеттік сыңайлы секторлар өкілдері, сондай-ақ бағдарламаның жобалық кеңселеріне, соның ішінде баспасөз хатшыларына, ІТ менеджерлеріне арналған семинар-тренингтердің кешені жүргізіледі.



 «Семинар-тренингтер «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысатын кадрлардың басты біліктіліктерін арттыру және дамыту үшін қолданылады. Қатысушылар мемлекеттік бағдарламалармен жұмыс істеу үшін қажетті білім алады, өз біліктіліктерін арттырады, жаңа технологияларды үйренеді», - делінген ОКҚ аңдатпасында.



Оқыту бағдарламасы стратегиялық жоспарлауға, дауларды басқаруға, сыртқы және ішкі байланысты тиімді жүзеге асыруға, әлеуметтік желілерде жұмыс жасауға, бағдарлама мәнін халыққа түсінікті жеткізу үшін спикерлерді дайындауға, бұқаралық ақпарат құралдарында жоба институттарының қызметін жариялауға арналады. Яғни, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау үшін қажетті тәсілдерді игеруге бағытталған.



Оқыту қорытындысы бойынша қатысушылар көпшілік алдында сөз сөйлеу әдістерін, басқару құзыреттілігін игереді, digital-коммуникация, сандық жүйеге көшу әдістемелерімен танысады.



Семинар-тренингтер Павлодар, Алматы, Ақтау, Өскемен және Астана қалаларында өтеді. Сонымен қатар, Қазақстанның барлық өңірлерін қамтиды.


ruh.kz
ortcom.kz