8 Ақпан, 2018
Оңтүстік Қазақстанның ТжКО мен оқу орындарының студенттері «Алтын ұям» жобасына қатысуда

ОҚО-да «Туған жер» арнайы жобасын іске асыру аясында өткен  жылдан бастап «Алтын ұям» жобасы бастау алған.


Өңірдегі жалпы орта мектептер қамтылған жобаға 2018 жылдың қаңтар айынан бастап техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері мен жоғары оқу орындары тартылуда. Биылғы жылдың өзінде Шымкент, Кентау, Түлкібас, Сарыағаш өңірлерінде жеті колледж базасында  түлектердің басқосуы ұйымдастырылды. Өздері білім нәрімен сусындаған ордаларына түлектер демеушілік жасап, колледждердің материалдық-техникалық базасын жарақтандыру мен ауласын абаттандыруға үлес қосты. 



Атап айтқанда, түлектер Кентау көпсалалы колледжінің әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан студенттеріне қаржылай жәрдем көрсетсе, Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің ауласына  1000 түп сәнді ағаш пен гүл көшеттерін сыйға тартты. Сарыағаш ауданындағы №13 колледж түлектері қаржысына ауылдың аз қамтылған отбасыларына арнап «Жақсылық жасаудан жалықпайық» қайырымдылық акциясы, «Мейірге толсын әр ізің!» іс-шарасы нәтижесінде Шымкент шаһарындағы М.Өтебаев атындағы жоғарғы жаңа технологиялар колледжінің құрылыс зертханасын, Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің шеберханаларын қажетті құралдармен жабдықтау қолға алынбақ. Жол-көлік колледжі  мен облыстың 30-дан аса мектебінде әлеуметтік кабинеттер ашылып, мұқтаж азаматтарға жәрдем берілуде.



Осынау игі бастаманы қолға алған «Рухани жаңғыру» облыстық жобалық кеңсесі тарапынан тұрғындардың  жобаға қатысуға ынталандыру жұмыстары жүрігізілуде.


ruh.kz...