15 Ақпан, 2018
Оңтүстікте әжелер бір мезетте 1038 мектепте тәрбие сағатын өткізді

Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған  «Әжелер тәрбиесі» тәрбие сағаттарына облыстағы 1038 мектептің 8-11 сыныптың қыздары қамтылды. 


Іс-шарада қыздар арасындағы орын алып жатқан келеңсіздіктердің алдын-алуға және қазақы тәрбиенің әдемі үйлесімділігін қалыптастыруға  байланысты өнегелі әңгімелер айтылды.



Сонымен қатар, отбасында бала тәрбиелеуде ежелден-ақ халықтың әдет-ғүрып, салт-дәстүр, жөн-жоралғысы рухында тәрбиелеуге қатысты ой-пікірлерде ортаға салынды. Яғни, екіжақты сыйластық, үлкенге құрмет, кішіге ізет, дархан қонақжайлылық, көл-көсір меймандостық, жомарттық, кеңпейілділік, адамдарға ілтипат, ізет көрсету, сөз өнерін құрметтеу, табиғатты қастерлеуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Ал, сынып жетекшілері мен оқушылар «Қазақ қызы қандайсың?» тағы сол сияқты маңызды тақырыптарды меңзеген  бейнероликтерді өзара талқыға салды. 



Облыстағы барлық мектептерде бір мезетте өткізілген  тәрбие сағаттан  8-11 сынып қыздары   әженің мейірімі мен шапағатына бөлене отырып бала мінез-құлық, тіл, діл, жалпы рухани тәрбие алады, сонымен қатар елгезек, үй шаруасына бейім, мейірімді, адал болып өсетінің жете түсінді.


ruh.kz...