21 Ақпан, 2018
Оңтүстіктің жастары туған жерге деген махабатын іспен көрсетті

Оңтүстіктің колледж студенттері қолөнер бұйымдарын жасауда ісмерлігі мен шеберлігі арқылы туған жерге деген махаттабарын көрсетті.


Ә.Қастеев атындағы Оңтүстік Қазақстан өнер және дизайн колледжінде жалпы пәндер кафедрасының «Рухани мұралар және қазіргі қоғам» атты апталықтың ашылу салтанаты өтті. Аталған іс-шараға «Рухани жаңғыру»  облыстық жобалық кеңсесі,  «Атамекен» кіші бағдарламасының әкімшісі Айгүл Рүстемова мен  «Рухани қазына» кіші бағдарламасының менеджері Бақытжан Сабаев қатысып, Елбасы мақаласына негізделген білім беру мекемелерінде  жүргізіліп жатқан іс-шаралардың мазмұнына тоқталды.



Іс-шара барысында  «Сурет» және «Қолөнер» бұйымдарын жасау шеберлігі бойынша «Туған жер табиғаты», «Туған өлке», «Отбасы жарасымы», «Тарихымды таныту» тақырыптарында  колледж оқушыларының үздік шығармашылық жұмыстарынан  көрме ұйымдастырылды. «Туған өлке» тақырыбында 3 курс оқушысы Еркебұлан Абдуллаев, 2 курс оқушысы Анастасия Баданина болса, «Отбасы жарасымы» тақырыбында 3 курс оқушысы Жансая Қамысбай, 1 курс оқушысы Шұғыла Әбдеш, «Тарихымды таныту» тақырыбында 3 курс оқушысы Мөлдір Шалқар үздік нәтиже көрсетті.



Сондай-ақ, «қолөнер» бұйымдарын жасауда ісмерлік пен шеберлігін көрсетіп, ерекше көзге түскен өз шығармашылығымен таныстыра отырып өз ойларымен бөлісті.  




«Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жанғыру» атты мақаласында ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді деп атап өткен. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Елбасының осы сөздерінен рух алып, мен өз құрдастарымды жаңғырту жолында өз үлесімізді қосуға шақырамын!», - деді 2 курс оқушысы Аяжан Махамбет.




Бұдан басқа, апталық барысында  облыстық Ы.Алтынсарин атындағы кітапхана қызметкерлерімен бірлесіп, КСРО Суретшілер Одағының мүшесі, қолөнер шебері, ұлттық ою-өрнекті зерттеуші  Ғани Иляевтың шығармашылығымен таныстыру, «Біздің денсаулығымыз өз қолымызда!» атты ұлттық спорттық ойындардан сайыс, ОҚО Суретші-Оқытушылар Одағының төрағасы, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, қолөнер шебері Сүлейменов Қуаныш Оралұлымен қазақ сәнді-қолданбалы өнер тарихы жайлы әңгімелесу іс-шарасы өткізіледі.


ruh.kz...