20 Мамыр, 2018
Оқырман қауым «100 жаңа оқулық» жайында пікірлерін ортаға салды

Оралдық көзі қарақты оқырмандар мен жалынды жастар Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жемісті жүзеге асуына сүбелі үлес қосып келеді. Соның ішінде олардың «100 жаңа оқулық» жобасы бойынша жиын өткізіп, өз пікірлерін ортаға салғанын ерекше атап өтуге болады.


Бұл басқосуға, негізінен, түрлі салалар бойынша көптеген жетістіктерге қол жеткізіп жүрген өз ісінің шеберлері – кәсіпкерлер мен журналистер, ғалымдар, продюсерлер қатысты. Коворкинг орталығында кездесуді дәстүрге айналдырған олар елімізде қолға алынған мемлекеттік бағдарламалардың маңызы жайлы әңгімелеп, әрбір жастың өзін жан-жақты  көрсетуіне  барлық мүмкіндік жасалғанын атап өтті. Соның бір дәлелі ретінде әлемдегі ең үздік 100 оқулықтың қазақ тіліне аударылуы мен оның насихаттау жұмыстарын айтуға болады.   



 



Осы ретте жас әнші Марина Биғалиева бұл жобаға қатысты өз ойын білдірді:




– Өзім өнер саласынан бөлек жеке кәсіппен айналысамын. Өз басым «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облысымыздың мәдениетін көтеру мақсатында көптеген іс-шараларға қатысып келемін. Ал, бүгінгі кездесу маған тың бастамалар мен жоспарлар әлемін ашқандай болды әрі соған үлкен септігін тигізгендей болды десем артық айтқандық емес.




Ал, журналист Нина Павлычева болса қазақ тіліне аударылған кітаптар жайындағы өз көзқарасымен бөлісті:




– Мен қазір «Медиаэтика» кітабын оқып жүрмін. Онда өзімнің жұмысыма қатысты көптеген мағлұмат жазылған екен. Мысалы, Кристиан Грифердің кез келген адаммен тек кейіпкер емес, адам ретінде сөйлес дегені қатты ұнады. Осы кеңесті сұхбат алғанда қолданып жүрмін. Енді барша қазақстандық жастар әлемдік деңгейдегі кітаптарды қазақ тілінде оқи алады. Бұл – үлкен мүмкіндіктер әлеміне апаратын жол.




 


ruh.kz