6 Қазан, 2017
Өскеменде «Рухани жаңғырудағы әйелдің орны» атты семинар өтті. (ФОТО)

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі «Әйелдер мен қыздар секторының» жұмысын жаңа қарқынмен жүзеге асыру бағытында бірқатар шаралар жоспарлаған болатын. Осы мақсат аясында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде өкілдіктің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғырудағы әйелдің орны» аты семинар болып өтті.


Шараға ҚМДБ Діни істер бөлімнің басшысы Камалжан Тұрдыбаев, Шәриғат және пәтуа бөлімінің басшысының  орынбасары Сансызбай Шоқановтар қатысты.  



 





 



«Біз өкілдіктен әйелдер арасында дәстүр сабақтасынығың бес бірдей мектебін ашып, салт-санамызды ұлықтау мен рухани жағыруға үлес қосу бағытында шаралар жасап жатырмыз. Бүгінгі шара соның бір көрінісі. Ұлттың ұлағаты мен тәрбиесі анадан басталады. Біз рухани жаңғыру аясында ұлттық салт-дәстүрімізді ұлықтап, болашақ ұрпақа ұлағатты тәрбие негіздерін қалдыруымыз керек» деп атап өтті, шараның ашылуында ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы.



Жиында сөз алған ҚМДБ Діни істер бөлімнің басшысы Камалжан Тұрдыбаев Елбасымыздың Рухани жаңғыру мақаласының маңыздылығын айта келе, ұлтымыз тарихындағы абзал аналарымыздың ғибратты ғұмырына тоқталып, осындай игі істердің бүгінгі таңда аса маңызды екендігін жеткізді.



Шарада Сансызбай қажы Шоқанов исламдағы әйел адамның орыны туралы салиқалы әңгіме өрбітіп, ислам тарихындағы ардақты аналардың өмір жолынан деректер айтып берді.



Сонымен қатар басқосуда Шығыс Қазақстан облыстық «Дін мәселелерінң зерттеу орталығының» басшысы Индира Беркімбаева сөз алып, зайырлылық пен дәстүр үндестігі және ислами тәрбие туралы баяндама жасады.



Жиынды ұйымдастырған Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің Әйелдер ұстазы Талшын Қожахметова қорытынды сөз сөйлеп, бүгінгі шараның маңыздылығын жеткізіп, ұлағатты тәрбие мен ұлттық кодқа қатысты бірқатар бастамаларын ортаға салды. Жиынға келген әжелермен қыз-келіншектерге алғыс білдіріп, тағылымды шаралардың тағы да жалғасын табатындығын жеткізді.



 





 




muftyat.kz