7 Қараша, 2019
«МАРАТ ОСПАНОВ. От А до А»

«МАРАТ ОСПАНОВ. От А до А» альбом-кітабының тұсаукесері өтті.


2019 жылдың 7 қарашасында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Тұңғыш төрағасы, отандық парламентаризмнің негізін қалаушы, мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы Марат Тұрдыбекұлы Оспановтың 70 жылдық мерей жасына орай шығарылған «МАРАТ ОСПАНОВ. От А до А» альбом-кітабының тұсаукесері өтті.

Кітап Марат Оспановтың «Мен оптимистпін және сенемін: қазіргі таңдағы барлық қиындықтарға қарамастан, бізді алда жарқын болашақ күтіп тұр. Ақыр аяғында еліміздің болашағы – бұл бүгінгі «Біздерміз» деген сөздерімен басталып, оның өмірі мен қайраткерлігінің ұраны болған «Бәрі жақсы болады» деген сөздерімен аяқталды. 

От А до А.jpg

Кітаптың негізін Марат Оспановтың қайраткерлік, қоғамдық және тұлғалық қалыптасу кезеңдерін қамтитын суреттері мен мәтіндері құрайды. Кітап «Қайнар бұлақ – Начало начал», «Тәуекел тұлпары – Новатор перемен» және «Мәңгілікпен кездесу – Величие памяти» деген үш бөлімнен тұрады. Сонымен қатар кітапқа замандастары мен жақындарының естеліктерінен үзінділер енген.

Іс-шараға Марат Оспановтың әр жылдардағы әріптестері, достары мен туысқандары, елімізге танымал қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен жазушылар қатысып, кейіпкер туралы естеліктерімен бөлісті.

Тұсаукесер барысында Марат Оспанов бейнесіне арналған «Кодекс жизни Марата Оспанова» қысқаметражды деректі фильм көрсетілді.

Сондай-ақ 7 қараша күні сағат 18.30-да Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық Опера және балет театрында Марат Оспановты еске алу кеші өтеді. Кеште Марат Оспанов атындағы Қоғамдық Қор құрған «Мейірім» балалар шығармашылығының 10-фестивалінің лауреаттары және МАОжБТ артистері өнер көрсетеді.

Өтетін орны: Абай атындағы МАОжБТ, Алматы, Қабанбай батыр, 110.

Уақыты: сағат 18:30, 7 қараша 2019 ж.

Фото: ашық дерек көздерден