6 Қараша, 2018
Отандық мамандардың кадрлық әлеуетін дамытуға арналаған меморандумға қол қойылды

«Астана» халықаралық  қаржы орталығы және Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.


Құжат шеңберінде Тараптар озық тәжірибе мен білім алмасу, сондай-ақ қаржы және ілеспе қызметтер нарығы саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру  мақсатында бірлескен білім беру, зерттеу  бағдарламалары мен жобаларын жүзеге асыру туралы уағдаласты.       



Құжатқа АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов пен ЕҰУ ректоры Ерлан  Сыдықов қол қойды.



«Еуразия Ұлттық университеті мемлекетіміздің алдыңғы қатарлы білім беру мекемелерінің  бірі болып табылады.  ЕҰУ білім  саласындағы беделді халықаралық деңгейде  мойындалып, марапаттарға бірнеше ретие болды. Бүгін  қолқойылған меморандум аясында АХҚО мен ЕҰУ отандық мамандардың кадрлық әлеуетін дамытуға бірлескен үлес қосады», - деді АХҚО басқарушысы Қ. Келімбетов.



Тараптар арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары исламдық қаржы қызметтері, банк қызметі, капитал нарығы, активтерді басқару, қаржы технологиялары және адами капиталды дамыту саласындағы кадрларды кәсіби даярлау және біліктілігі болады.



«Меморандумға қол қою-бұл АХҚО мен ЕҰУ арасындағы ынтымақтастық аясында туындаған көптеген ғылыми, кәсіби мәселелерді бірлесе шешуге мүмкіндік беретін ғылыми және білім беру процесін дамыту нүктелерінің бірі»,- деді ЕҰУ ректоры Е. Сыдықов. 



АХҚО мен ЕҰУ өзара қызығушылық тудыратын салаларда, АХҚО негізінде ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау үшін лекциялар, тренингтер, мастер-кластар, оның ішінде онлайн режимінде, өткізуге ниетті.



Сонымен қатар, "Қаржы", "Есеп және аудит" мамандықтары бойынша бакалавриат, магистратура және докторантура (PhD) деңгейінде бірлескен эксперименттік білім беру бағдарламаларын дайындау және іске асыру саласында ынтымақтастық қарастырылған.



Анықтама ретінде:



АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі – ағылшын тілі болады.



АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ– Қазақстанның жетекші классикалық жоғары оқу орындарының бірі. Еуразия Ұлттық университетінде мамандарды даярлау жүйесі 3 білім беру баспалдағы бойынша: жоғары негізді білім (бакалавриат), магистратура және Ph.D докторантура. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ге қабылдау мемлекеттік білім гранты мен ақылы негізде жүзеге асырылады.Университет құрамына 13 факультет кіреді. Магистрлер мен PhD докорларды дайындауда ғылыми жетекшілік етуге заманауи талаптарға сәйкес Қазақстанның жетекші ғалымдары әлем университеттері мен ғылыми орталықтардың шетел ғалымдары тартылып жатыр.


Ruh.kz
Ruh.kz