28 Шілде, 2018
Өзіңді өзің жеңе біл

Ең бірінші жалқаулық тұрғысындағы жауың – өзің. Осы тұрғыда өзіңді жеңе білсең, жетістікке жетуіңе басқа ешкім кесе-көлденең тұра алмайды. Биік шыңдарды бағындырған атақты адамдардың да пікірлері осы арнаға саяды.


Бүгін жасалуға тиіс нәрсені ертеңге қалдырмауға тырысу қажет. Сонда ғана ойға алған мақсаттарың орындалып, ісің өрге баспақ.



Жетістікке жету жолында армандап, нақты мақсат қойып, сол мақсаттарды жүзеге асыру жолында тер төгу қажет екені сөзсіз. Бірақ... осы арада «бірақ» деген ой туындайды. Бірақ арман нақтыланып, мақсат қойылғанымен оны жүзеге асыру жолында жеңуге тиіс біршама қиындықтар бар. Ол қандай қиындықтар?



Еріншектік, жалқаулық сынды кері тартатын қасиеттер адамның жетістікке жетуіне кедергі болады. Бір ерекшелігі – адамдардың көпшілігі осы жағымсыз қасиеттерді жеңіп шығуға қауқарсыз болып келеді екен.



Сондықтан, осынау бір кертартпа нәрселерден басым болып, жетістікке жетуге тырыс! Өзіңді өзің жеңе біл!


ruh.kz
Nurlybek Buhpin