20 Желтоқсан, 2018
Өзіңді тәрбиеле!

Адам баласы қай уақытта өз-өзін тәрбиелеуді қолға алса, сол уақыттан бастап ол жетістіктің бірінші баспалдағын бағындырған адам болып саналмақ.


Біз айналадағы қате әрекеттердің барлығын көріп-біліп, соларға қатысты азаматтық пікірімізді білдіріп, соған қатысты ақыл да айтып жүреміз.



Дегенмен, өз кемшіліктерімізді, кереғар қасиеттерімізді қолға алып, сол әдеттермен күресуге түбегейлі қарсы іспеттіміз. Ешбір адамның өзін толық тәрбиеге алып, соған көңіл бөліп жүргенін байқамайтынымыз шындық.



Сен бүгіннен баста! Өзіңмен сөйлес! Өзіңмен ақылдас! Нашар қасиеттерден арылуға қарекет қыл!


Ruh.kz
Nurlybek Buhpin