24 Қыркүйек, 2018
Өзіңізді көрсетіңіз

Кімнің кім екенін ел анықтасын, сондай-ақ, сіздің бағаңызды халық берсін. Өйткені, сіздің бұл жердегі жалғыз міндетіңіз  өзіңізді көрсету.


Адамдар бір-бірінен ақыл және білім атты екі дүниемен озық тұрады. Сондықтан, халықтан өзіңіздің бағытыңызға оң баға алу үшін өнімді еңбек етіп, өз-өзіңізді көрсетіңіз.



«Ерлік, қайрат үнемі ірі жұмыста көріне бермей, күндегі уақ-түйек жұмыста да көрінуі керек», - деген екен Жүсіпбек Аймауытұлы.



Кемеңгер айтса, қалт айтпасы анық. Азаматтың тындырымды ісі әр жерден көрініс беріп тұруы қажет. Сонда ғана сіздің азаматтық болмысыңыз үлкен сый-құрметке бөленеді.



Турасы – кез-келген әрекеттен сіздің еңбегіңіздің иісі аңқып тұруы тиіс.


ruh.kz
Nurlybek Buhpin