26 Желтоқсан, 2018
Өз-өзіңді дамыту жолында оқылуға міндетті кітаптар

Қазіргі таңда көркем әдебиетті былай қойғанда, өз-өзін дамытуға көмектесетін еңбектерді оқитындардың қатары азаюда. Жастардың көпшілігі журналдарды да оқымайды, тек қана оны парақтап, фотоларға көз жүгіртіп, қайтадан үстелге тастай салады. Бұл – қоғам дерті.


Нағыз қағидалардың суреттен көрінбейтіні өздігінен белгілі. Адамға ең кем дегенде тұлғалық өсу, қаржы, денсаулық, мансап, қарым-қатынас турасында, жеке қызығушылықтар мен пайдалы істер жөнінде білім қажет.



Көңіл көкжиегін кеңейтуге, жаңа белестер ашып, оларды бағындыруға талпыну үшін сізге пайдасы тиер деген оймен төмендегі кітаптар тізімін ұсынып отырмыз. Бұл кітаптарды өз уағында жетістік шыңына табан тіреген алпауыттар жазған. Сол тұлғалар биігінен ойлану үшін қалай да осы еңбектерге назар салған абзал.



«Игры, в которые играют люди. Люди, которые играют в игры»



Эрик Берн





Автордың психологиялық еңбегінде ешқандай оқиға шиеленісі, көркем әдебиеттегідей оқиға желісі жоқ. Кітап сізді өз көзқарасыңызды ойлауға, анықтауға, нақтылауға, қорғауға міндеттейді. Адамдардың неге ашуланып, беймазалыққа ұрынатыны туралы, не нәрсеерге қызығушылық танытатыны туралы да сөз қозғалады. Сондай-ақ, автор кітапта қоғамдағы, жеке өмірдегі мәселелерді шешудің кәсіби жолдарын көрсетіп, дұрыс өмір сүруге кедергі болатын қағидалардан арылуға үйретеді.



«Будь лучшей версией себя»



Ден Вальдшмидтед





Ежелден жалғасып келе жатқан адамзат баласына ортақ армандардың бірі – отбасымды қалай бақытты етсем деген ой. Бұл арман ғасырдан ғасырға ұласа бермек. Дегенмен, мезгіл өте келе оның жолына тұратын қиындықтар да заман тынысына сай ерекшееніп, түрленіп отырмақ. Айналаңызға назар салсаңыз, көпбалалы аналардың барлық сәбиге еміреніп, ерекше мейірім көрсететінін байқайсыз. Міне, бұл – өмір заңдылығы. Ден Вальдшмидтед өз өміріңізге өзге бағыттан қарап, оны жақсы жаққа өзгертуге көмектеседі.



«Transcend: девять шагов на пути к вечной жизни»



 Ray Kurzweil и Terry Grossman





Бүгінде адамдардың өмір сүру ұзақтығы орташа есеппен алғанда 60 жасқа дейін төмендеп кеткен. Ертеден келе жатқан қағидалар мен ғұрыптар қазіргі уақыттағы кей нәрселермен қайшылыққа түсіп қалып жатады. Ал біз бұлардың барлығы туралы ойланамыз, уайымдаймыз. Кішкене күнімізден бастап осындай қайшылықтардың мыңдаған түріне ұшыраймыз. Бұл – адамға психологиялық қысым. Ray Kurzweil және Terry Grossman осы секілді мәселелерді түбегейлі қарап, денсаулыққа зиян келтірмейтін бағытта шешу қажеттігін ескерте отырып, ұзақ және қалыпты өмір сүрудің жолдарын айтады.



«Вы и ваша семья. Руководство по личностному росту»



 Virginia Satir





Бүгінде отбасы мүшелерінің әрқайсысы әртүрлі орында жұмыс жасайды. Ортақ еңбек дәрежесі пәтер тазалау мен тұрыстық жұмыстарға дейін түсіп кеткен. Бір жерде өмір сүру ірқашан, әсіресе балалар өскенде, отбасыға көмектесе бермейді. Дегенмен, бұл уақытта туысқандардың бір-біріне деген рухани сезімі өсе береді. «Отбасыда өзіңе басқалар қандай қарым-қатынас жасасын десең, сен де оларға сондай қарым-қатынас жаса» деген қағида уақыт өткен сайын ұлғая бермек. Бұл қағида балаларға кішкентай кезінен құлақтарына құйылып, санасына, қанына сіңірілу керек. Автор өз кітабында отбасы мүшелерінің бір-біріне деген қайтарымды мейрімін, көмегін, жан жылуын, жақындығын ретке келтіру, сақтап қалу жолдарын көрсетеді.



«Монах, который продал свой «феррари»: история об исполнении желаний и постижении судьбы»



Robin Sharma





Қажетсіз ойлар мен нәтиже шықпайтын әрекеттерді жасаудан, айналаңдағы адамдарды алдаудан қайтсе арылуға болады? Робин Шарма жазған кітапты оқи отырып, сіз осы мәселелерді жан-жақты зерттейсіз. Автор адвокат-миллионердің басынан өткен оқиғаларды баяндай отырып, ішкі түйсікке тікелей әсер қалдырады.



«Дар Мидаса: почему кто-то богатеет, а кто-то нет»



Дональд Трамп және Роберт Кийосаки





АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп Роберт Кийосакимен бірігіп жазған еңбегінде жұлдызы жанған кәсіпкер атану үшін қандай қасиеттерді игеру қажеттігін жіпке тізіп шығады. Авторлар өз ойларын айтудан, бизнесті жүргізудің жалпы көзқарастағы қағидаларына қарсы шығудан қорықпайды. Толыққанды аргументтер мен мысалдар авторлардың өз өмірлеріндегі құлдырау және шарықтау кезеңдерінен алынған.



«В этом году я…: как изменить привычки, сдержать обещания или сделать то, о чем вы давно мечтали»



 М.J. Ryan





М. Дж. Райан әрбір адамның ертеңгі күнге жоспар жасайтынын, бірақ сол жоспардағы әрекеттің жартысын да орындамайтынын батырып, жүрекке жеткізіп айтады. Кітаптың негізгі мақсаты – адамдарға дұрыс мақсат қою және оған жетудің тиімді тәсілдерін көрсету. Автор еңбегінде тәжірибені жолға қоюға арналған өте көп мөлшердегі мысалдарды ұсынады.



«Выйди из зоны комфорта. Измени свою жизнь: 21 метод повышения личной эффективности»



 Brian Tracy





Брайан Трейси бұл еңбегінде оқырмандарды түрлі қағидаларға сүйенбей-ақ өмірлерін өзгертуге шақырады. Кітап іш пыстырарлық емес. Өйткені, автор кітабында адамдарға өздерінің қуатын арттыру арқылы бірқатар келеңсіздіктерден құтылуға болатынын айқын мысалдармен дәлелдеп береді.



«Цельная жизнь: ключевые навыки для достижения ваших целей»



Лес Хьюитт, Джек Кэнфилд, Марк Виктор Хансен





Лес Хьюитт, Джек Кэнфилд, Марк Виктор Хансен жазған кітапты оқыған адамның белгілі бір деңгейде жетістікке қол жеткізері анық. «Цельная жизнь» еңбегінде бірқатар сұрақтар талқыланады. Осы сұрақардың жауабын ала отырып, сіз қай бағытта қимыл-әрекет жасау қажеттігін байқайсыз.



Өз-өзіңді дамытудың ең дұрыс жолы – білім алу. Кітапта стресс кезеңінен басталып, шешендік өнермен аяқталатын адамдар өмірі секіді мысалдар өте көп. Сіз қай уақытта өзіңізді дамытуға бел шешіп кіріссеңіз, сол уақытта, ең алдымен, өз бағытыңыздағы үздік кітаптарды оқып шығыңыз. Артынша оқыған біліміңізді тәжірибеде қолданысқа енгізсеңіз, нәтиже берері сөзсіз.


Ruh.kz
Newsforward.ru