7 Қыркүйек, 2017
Павлодар облысында экспедициялық топ киелі жерлерді аралап шықты

Павлодар облысында жергілікті тарихшы, археолог, ғалымдардан құралған экспедициялық топ мүшелері екі күн ішінде 17 киелі мекенді аралап шықты, деп хабарлайды https://bnews.kz/kz">Вnews.kzpavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. 


Бұл туралы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Қазақстанның сакралды георграфиясы» жобасының Павлодар облысы бойынша басшысы, С. Торайғыров атындағы ПМУ тарих және мәдениет институтының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Батталов айтып берді.



https://bnews.kz/storage/cd/cded153c9a169cfc0ac67da0ef662f49.jpg" style="height: 506px; width: 900px;" />



«Біз үш топқа бөлініп, үш түрлі аймаққа жол тарттық, – дейді Қайрат Батталов. – Танымал жазушы, мәдениет қайраткері Сайлау Байбосын, белгілі археолог, Әлкей Марғұлан атындағы археологиялық орталықтың басшысы Виктор Мерц, Павлодар облыстық мәдениет басқармасының өкілі Дияс Оразов бастаған топ екі күннің ішінде Баянауыл ауданындағы 15 киелі орынды көріп, олардың жай-күйімен танысты және жергілікті тұрғындардан ақпарат жинады. Жол бойында тарихи мекендерге алып баратын белгілердің жоқтығы ыңғайсыздық тудырды, сондықтан ауылдар мен фермаларға жиі тоқтап бағыт сұрауға мәжбүр болдық. https://bnews.kz/storage/c5/c584a3eb4201011cc9942c30f87baedc.jpg" style="height: 350px; width: 300px; margin-left: 10px; margin-right: 10px; float: right;" />Дей тұрғанмен, келесі тарихи мекендерге болып қайттық: Бөгенбай тауы, Мәшһүр Жүсіп пен Үкібай би кесенесі, Қаныш Сәтбаевтың ата-бабаларының зираты, Мұса Шорманов, Қараман абыз, Мәстек абыз, Жаяу Мұса зираттары, Едіге бидің билік тасы, Қазбек бидің «Сөре тасы», Сабындыкөл маңындағы түркі ескерткіштері және тағы басқалары».



Қалған екі топ Екібастұз бен Шарбақты өңірлеріне барды. Демалыс күндерінде жасалған саяхат кезінде 1000-нан астам шақырым жол жүріп өттік. Келесі аптада саяхат жалғасын табады. Айта кетейік, Ертіс-Баян аймағында қыркүйек киелі жерлерге саяхат жасау айы болып таңдалды.



Бір ай ішінде экспедициялық топ мүшелері қасиетті мекендерді аралап, Павлодар облысының сакралды географиялық картасын жасайды. Еске сала кетейік, Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның сакралды географиясы» атты бастама қолға алынған болатын. Павлодар облысы әкімдігі маңындағы аймақтық жобалар кеңсесі жоғарыда аталған жұмыстарды өңір бойынша жүзеге асыруда. 



 


Вnews.kz