26 Мамыр, 2018
Павлодарлықтар киелі мұра толқынында

Қазақстандық үлкен маңызға ие Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» бөлшімі аясында 2017 жылы облыстық ішкі саясат басқармасымен Павлодар өңірінің сакралды орындарына бару бойынша «Сакралды жерлерге саяхат» атты кең көлемді акциясы басталған болатын. Осы акция биыл да өз жалғасын таып, аталмыш шараға өңірдің бүкіл тұрғындардың қатысуына толық мүмкіндік туып отыр.


Іс-шараның басты мақсаты – облыс тұрғындарын өңірдің сакралды жерлерімен таныстыру, сондай-ақ бағыттарды ішкі туризм объектілері ретінде насихаттау. Жаз бойы облыс тұрғындары мен қонақтары өңірдің сакралды жерлерімен танысатын болады.  Бүгінгі күні 78 объектіден тұратын сакралды жерлер тізімі қалыптастырылды. Оның 5-еуі республикалық сакралды орындардың тізіміне енді:



1. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің кесенес (Баянауыл ауданы, Ескелді ауылы);



2. Исабек Ишанның кесенелік кешені (Екібастұз қаласының ауылдық аймағы);



3. Қоңыр әулие үңгірі (Баянауыл ауданы);



4. Ақкөл-Жайылма қалашығы;



5. Жасыбай батырдың монументі (Баянауыл ауданы).



Сонымен қатар ағымдағы жылғы сәуір айында археологиялық зерттеулер маусымының салтанатты ашылуын атап өтуге болады.



«Павлодар Ертіс өңірінің киелі ескерткіштер картасы» жобасын іске асыру шеңберінде ЖОО, колледждердің және білім беру мектептерінің оқушылары жаз бойы тарихи-археологиялық экспедицияға қатысады.



Жас зерттеушілерге Кемертұз және Ақбидайық тас суреттерінің, «Алтын төбе» сақ қорғандары мен Қимақ қағанаты қорымдарының құпияларын ашуға, сонымен қатар Баянауылдың тарихи жерлеріне баруға мүмкіндік туады.



Ағымдағы жылғы 25 мамыр күні «Шығыс  Қазақстанның  киелі жерлеріне  ақпараттық баспасөз туры» жобасы бастау алды. Тур 2018 жылғы 31 мамырға дейін жалғасады.



Бұл жоба Павлодар және ШҚО ішкі саясат басқармаларының өңіраралық ынтымақтастығы барысында ұйымдастырылды.



Сондықтан да осы өңірдің сакралды орындарын дәріптеу мен тарихи-мәдени туризмді дамыту үшін және өңірдің тарихи-мәдени мұрасы объектілеріне археологиялық зерттеу (қазба) жұмыстарын жүргізу мақсатында облыстық бюджеттен жалпы 14,8 млн теңге сомасына ақшалай қаражат бөлініп отыр.


ruh.kz
Павлодар ақпарат бөлімі