15 Сәуір, 2019
PechaKucha Night Astana бейресми интелектуалды конференциясының кезектен тыс жиналысы

Төрт жылдан бері Елордада PechaKucha Night Astana бейресми интелектуалды конференциясы өтіп тұрады. Аталмыш конференцияда елордамыздың шығармашылық адамдары мен креативті жастары жиналып, әртүрлі бағытта сөз өрбітеді.


Сәуір айында өткізілген кезектен тыс конференция барысында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Әмір Қуат өзінің жетістіктерімен және оларға жету жолдарымен бөлісті. Әмір алты аспапта еркін ойнай алатындығымен қоса, ғылыммен әуестенеді. Оның ғылыми жетістіктері осы күні әлемдік деңгейде қолданысқа ие болып, табыстың бірден-бір көзіне айналып отыр.





PechaKucha-ның негізгі критерийлерінің бірі әр спикерге 6 минут уақыт беріледі. Осы алты минут ішінде түрлі салада белгілі бір жетістікке жеткен азаматтар өздерінің еңбек жолын, табысқа жету жолдарын айтып береді. Берілген уақыт аяқталған соң қосымша уақыт беріліп, спикерлер көрермен тарапынан қойылған сұрақтарға жауап береді.





Спикерлердің де, ұйымдастырушылардың да, сұрақ қоюшылардың да орыстілділігі болмаса, жастарды кәсіп бастауға, ұнатқан ісімен айналысуға, қорқынышты жеңуге үйрететін тәуір-ақ дүние. Тек, алдағы уақытта қазақ тілді көрермендердің бар екенін және келісілген уақытты ғана пайдалануды ескерсе болғаны.



PechaKucha бейресми жиынына қатысушы спикер, «Қазақстанның 100 жаңа есіміне» енген Әмір Қуат небары 31 жасында қауіпсіздік техникасының авторлық жүйесін жасап шығарды. Аталмыш жүйе әлемдегі жалғыз сыртқы қондырғының құрғақ модульдік трансформаторына патент алды.



Жаңа жүйе ауыз суды сақтау, сондай-ақ ,оны өнеркәсіптік секторда тұтынуды 200 есеге дейін төмендету саласындағы жаңа технологиямен жұмыс істейді. Әмір әзірлеген жүйе өлім–жітім мен жарақаттанудың нақты төмендейтінін  көрсетті. Бұл Қазақстанда бар проблемма еді. Бүгінде оны еліміздің авиация, қорғаныс және спорт саласындағы ірі кәсіпорындары пайдаланады.«Менің барлық жобаларым адамдардың әлеуметтік мүддесіне бағытталған. Мені өлім мен жарақаттану бойынша қайғылы статистиканы үнемі мазалайтын. Шешім іздедім. Әзірленген техника қауіпсіздігі жүйесі кәсіпорындарда жарақаттану мен өлім-жітімді 43% - ға төмендетуге мүмкіндік берді. Осыны мемелекеттік дәрежеде қолдансақ, бұл – сіз бен біздің алтын қолды әріптестеріміздің қауіпсіздігін анағұрлым жақсартар еді» - дейді Әмір.



Сұлтан Мұстафин,



Ruh.kz


Ruh.kz
Джамиля Мурзабекова, Ruh.kz