5 Желтоқсан, 2017
Петропавлда шайбалы хоккейден облыс кубогы басталды

Петропавлда облыс әкімінің жүлдесіне шайбалы хоккейден «Рухы мықты ұлт» Солтүстік Қазақстан облысының Кубогы өз бастауын алды.


Жарысқа Петропавл мен облыс аудандарынан он ересектер командасы қатысады, олардың құрамында тек қана нағыз ерлер ойнын сүйетіндер ғана.



Хоккейден кубокты аша отырып, облысы әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет осы спорт түрінің біздің өңірде өсіп келе жатқан танымалдылығын айтты, оған себеп облыс бойынша салынып жатқан ашық және жабық хоккей корттары. Командаларды жарыстың басталуымен «Құлагер» хоккей командасының қақпашысы Андрей Янков та құттықтады, дәл осы кәсіби хоккей командасын құру және оның ел чемпионатындағы табысты өнер көрсетуі біздің өңірімізде шайбалы хоккейді әрі қарай дамытуға және танытып, таратуға үлкен серпіліс берді.



Жарыс айдынына Аққайың ауданы мен Шал ақын ауданының командалары шықты. Ойын 10:3 есібімен аққайыңдықтардың жеңісімен аяқталды. Келісі болып Спорт сарайының мұз айдынына Айыртау ауданы мен Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның командалары шықты. Кездесу 14:4 есебімен мүсіреповтіктердің пайдасына шешілді. Қайсар ойыншылар көп күттірген кубокты тек наурыз айында ғана сарапқа салады. Осы уақытқа дейін ойындар кіші топтарда, сосын полей-офф кездесулері сериясымен өтетін болады. Жарыстар Облыс кубогы аясында қыс бойы тек Птропавлдың Спорт сарайында ғана емес, сонымен қатар облыс аудандарының хоккей алаңдарында да өтетін болады.



Сонымен қатар, екі күнде «Алтын шайба» супер кубогын облыс орталығы мен Аққайың, Ақжар, есіл, Шал ақын және Қызылжар аудандарының алты балалар мен жасөспірімдер командалары сарапқа салды. Командалардың құрамында 2004 ж.т. және кіші балалар болды.



Жарыс қорытындысы бойынша үшінші орында Есіл ауданының БЖСМ. Екінші орында Ақжар ауданының жас хоккейшілері. Суперкубокта жеңіске Қ. Байболов атындағы қысқы спорт түрлерінің облыстық мамандандырылған БЖСМ жігіттері жетті.


ruh.kz
СҚО ІСБ