14 Қазан, 2019
Қалалық «Википедия және мәдени мұра» клубы

11 қазанда «Рухани Жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларын жүзеге асыру аясында құрылған «Википедия және мәдени мұра» клубы жобасы бойынша қалалық кластердің отырысы өтті.

Жобаның мақсаты оқушыларды шығармашылық жұмыстарға және ғылыми зерттеулерге тарту, мәдени мекемелермен, ғылыми орталықтармен, кітапханалармен ынтымақтастық орнату, Қазақстанның мәдениет, археология, тарих, этнография саласындағы соңғы жаңалықтарды Wikipedia энциклопедиясында жариялау. Кластерге № 22, 1, 5, 36, 50 мектептер кіреді. Әр мектепте «Википедия және мәдени мұра» клубтары құрылған. Клуб отырысына қонақ ретінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңесінің басшысы Үкібай Абдуманапұлы Нұрпеисов қатысты.

Жобаның үйлестірушісі Құралай Мейрамханқызы қатысушыларды бір жылға арналған бірлескен жұмыс жоспарымен таныстырды. Википедиядағы мақалаларды жасау мен редакциялаумен қатар, клуб мүшелерін көптеген ақпараттық, шығармашылық, зияткерлік шаралар күтеді. Археология, тарих, мәдениет саласындағы танымал ғалымдармен және танымал тұлғалармен кездесулер төменде көрсетілген ғылыми экспедициялар, байқаулар, шағын жобалар жоспарланған:

1. Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Нұр-Сұлтан – Семей-Жидебай» және ұлы ойшыл Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Нұр-Сұлтан – Көне Түркістан» бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу экспедициясы;

2. 8-11 сынып оқушылары арасында «Қазіргі Қазақстан блогердің көзімен» блогерлер сайысы;

3. Тәуелсіздік күніне орай «Қазақстанның 28 Кереметі» видео-марафоны, 8 блоктан бейнероликтер түсіру.

4. 8-11 сынып оқушылары арасында «ХХІ ғасырдағы Қазақстан» интеллектуалды турнирі;

5. «Қазақстан тарихы: қазіргі және болашақта» республикалық ғылыми-практикалық конференция;

6. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған қалалық семинар «Отан үшін от кешкендер»;

7. Қазақстанның мәдениеті, тарихы, этнографиясы, археологиясы туралы деректі бейнероликтерді шығару;

8. Жобаны іске асыру туралы блог жүргізу және т.б. 

2079741164.jpg

Құралай Мейрамханқызы жоба бойынша жұмыс барысы бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарда жарияланатындығын атап өтті. Жобаның ғылыми жетекшісі, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ PhD докторы, магистрі Рахымжанов Қалжан Қайратұлы айтуынша, осы іс-шаралардан басқа, Нұр-Сұлтан қаласының тарихын зерттеу үшін шағын экспедициялар өткізілетін болады және алғашқы экспедициялардың бірі ежелгі Бозоқ елді мекеніне жоспарланған.

Кездесуді Нұр-Сұлтан қаласындағы «Рухани Жағыры» жобалық кеңсесінің басшысы - Үкібай Абдуманапұлы қорытындылады. Оның айтуынша, «Википедия және мәдени мұра клубы» жобасы өте өзекті, уақытылы. Егер колледждер Википедия клубтарына қосылса, онда бұл барлық қазақстандық жастарды жаһандық әлемде қазақстандық мәдениетті насихаттауға біріктіретін алаңға айналуы мүмкін.

Үкібай Абдуманапұлы жоба жоспарын «Туған жер» бағдарламасы бағытындағы іс-шаралармен толықтыруды, латын графикасына эссе конкурстарын өткізуді ұсынды. Клуб мүшелері Үкібай Абдуманапұлына өз сұрақтарын қойды, оған ол қуана жауап берді. Кездесу соңында ол балаларға жақсы оқып, зерттеу қабілеттерін дамытып, кез-келген ортада бәсекеге қабілетті болу үшін шет тілдерін үйренуге кеңес берді. Еліміздің болашағы жастардың қолында және оны ары қарай дамыту үшін балалар әлемнің ең жақсы университеттеріне түсіп, мықты білім алу керектігін айтты. Үкібай Абдуманапұлы біздің клубты қолдауға дайын екенін және сөздерінің дәлелі ретінде Tellegram мессенджерінде ортақ топ құруды ұсынды.

Алматы қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі