30 Қараша, 2020
Газ саласының шебері – Бақытжан Жұртбаев (фоторепортаж)

Бүгінгі «Еңбек адамы» айдарының кейіпкері – газ саласының шебері Жұртбаев Бақытжан Абимолдаұлы.

DSC_0229.jpg

DSC_0068.jpg

Зайсан ауданы – Шығыс Қазақстандағы берекесі мен бірлігі жарасқан өңір. Шебер 1998 жылы газбен қамтамасыз ету мамандығын бітіріп, туған ауылы Қараталда еңбек етуде. 2017 жылдан бері аудандағы газ тарту жұмыстарына атсалып келеді.

photo_2020-11-12_10-00-36.jpg

DSC_0066.jpg

Газ шеберінің жұмысы таңғы 9:00- ден басталады. Кесте бойынша аудандағы барлық газ құбырларын тексеріп, авариялық жерлерде жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Техникалық ақаулықтардың алдын алады.

 DSC_0145.jpg

Күнделікті газ саласының мамандарынан құралған жасақ халықты жаппай газбен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізеді. Қазіргі таңда ауданның басым бөлігіне газ тартылған.

 DSC_0159.jpg

Газ саласының шебері болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бірінші кезекте халықтың қауіпсіздігі маңызды. Әр үйді жылумен қамтамасыз етіп отырған шебер үздіксіз біліктілігін де арттырып отырады.

 DSC_0137.jpg

Ауданның дамуына үлес қосу кейіпкердің бала күнгі арманы. Туған жерге туын тігіп, тер төккен еңбектің несібесін көріп отыр.

 DSC_0133.jpg

Еңбек адамы – ел экономикасының қозғаушы күші. Сондықтан, адал еңбек әрқашан биік мұраттарға жетелейді.

DSC_0126.jpg

   

 Әмина Қадылбекқызы

Ruh.kz