28 Қараша, 2019
Қазақстандағы еріктілер желісі

14 қараша күні Алматыда AlmaU университетінде   брифинг өтті

«Еріктілер жылы» қарсаңында Ұлттық еріктілер лигасы «Қазақстандағы еріктілер желісі. 2020 Серіктестік кезеңі» атты брифингілер сериясын бастады.

14 қараша күні Алматыда AlmaU университетінде   брифинг өтті. Оны ұйымдастырушы – «Komanda SOS» волонтерлерді үйлестіру орталығы. Спикерлер: AlmaU ректоры Курганбаева Гульмира Аманжоловна, Қоғамдық даму Басқармасы басшысының орынбасары Бекбергенов Ренат Уралович, Қоғамдық даму Басқармасының жастар саясаты бойынша бөлімінің бастығы Құдайбергенов Орынбасар Қуатович, ҰЕЖ өкілі Татьяна Кретова және тағы басқалар. 

877a5809f5b5e6d290745944c2c8df38.jpg

Брифингке мемлекеттік органдар мен бизнес саласынан, жоғары оқу орындарынан, сонымен қатар волонтерлік қозғалыс белсенділерінен 40-тан астам өкіл қатысты. Брифинг бағдарламасына сәйкес алдағы жылға арналған жарқын волонтерлік жобалар ұсынылды, волонтерлердің қамтылуы мен ҮЕҰ жобаларды қорғау бойынша статистикасы, келе жатқан 2020 жылға арналған Қазақстандағы волонтерлікті дамыту жоспары   талқыланды. Спикерлердің сөйлеген сөздерінің соңы тақырыптық пікірталасқа айналып кетті, онда қатысушылар волонтерлік өзекті мәселелерін көтерді, сонымен бірге еріктілер қозғалысын және заңнамалық процедураларды дамыту бойынша сындарлы ұсыныстар айтылды.

AlmaU үшін еріктілік тақырыбы өте жақын және әлеуметтік жауапты университет ретінде Алматы Менеджмент Университеті студенттерге бірінші курстан бастап қоғамға қызмет ету, мейірімділік сияқты қабілеттер мен құндылықтарды, сонымен қатар өз айналасын жақсартуды үйретеді.

Алматы қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі