17 Қазан, 2019
«Қоғамдық сарапшы» эксперттер клубының кезекті жиыны

16 маусым күні «Жастар Үні» Жастар Қоғамдық Бірлестігі, Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Қоғамдық сарапшы» эксперттер клубының кезекті жиыны өтті.

16 маусым күні «Жастар Үні» Жастар Қоғамдық Бірлестігі, Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Қоғамдық сарапшы» эксперттер клубының кезекті жиыны өтті. Басқосуға «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің менеджерлері, қоғамдық пікір көшбасшылары мен студенттер қатысты.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жас­тары­мыз басымдық беретін межелердің қатар­ында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді», – деген еді. 

аа.png

Осыған орай, жиын барысында «Рухани жаңғыру» жобасы аясында 100 кітап жобасы өтуде. Осы күнге дейін қанша кітап аударылды және қанша данамен шықты?, ЖОО-да «Рухани жаңғыру» жобасын насихаттау мақсатында қандай іс-шаралар іске асуда?, Аударылуға тиіс 100 кітапты таңдауда неге мән бердіңіздер? Осы сынды сұрақтар қойылып, мамандар тарапынан тұщымды жауап та берілді.

Басқосуға келген Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің менеджері Есбосынова Айгерім Бақдаулетқызы, сөз барысында ҚазҰТЗУ-дың «Рухани жаңғыру» жобасы аясында атқарып жатқан іс-шараларына тоқталып: «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдардың қабілетімен айқындалады. Сондықтан әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт XXI ғасырға лайықты қасиеттерге ие болу керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында», – деді.

Ал Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің өкілі Абдраймова Мөлдір Рашидқызы 100 кітап жобасы аясында атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Жиын соңында 100 кітап жобасына қатысты ұсыныстар да айтылды.

Алматы қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі