2 Желтоқсан, 2019
ҚР Тұңғыш Президенті күні

Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын өтті


Мерейлі мерекелік шараны ашып берген шаһар басшысы Ерлан Айтаханов барша жұртшылықты мерекемен құттықтап, еңбегі еленген бірқатар азаматтарды марапаттады. 

76688959_2930725703604089_92824460993757184_o.jpg

78045357_615444325863008_79449511927218176_n.jpg

Ерлан Айтаханов, Шымкент қаласының әкімі: «1 желтоқсан – барша қазақстандықтар үшін шын мәніндегі жалпы халықтық мерекеге айналған күн. Осы күнді Тұғыш Президент күні ретінде таңдалып алуының өзіндік себебі бар. Еліміз үшін ең тағдырлы кезең болған 1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстанда тұңғыш рет жалпыхалықтық сайлау өтіп, егемен еліміздің негізін қалаушы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атанғаны белгілі. Содан бері Елбасы, Ұлы Дала төсінде қайта жаңғырған қазақ мемлекетін нығайтып, көк туымыздың биікте желбіреуі жолында аянбай еңбек етіп келеді. Осы жылдарда Қазақстан өтпелі кезеңнің тоқырауы мен қиындықтарын еңсеріп, дамудың даңғыл жолынан өтті. Экономикамыз дамып, халықтың әл-ауқаты жақсарды. Осының барлығы Тұңғыш Президентіміз, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кемеңгерлігінің, сарабдал саясатының жемісі. Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!». 

78185955_2930736106936382_3057576635222982656_o.jpg

Мерекелік кештің «Көрме орталығы» залында қойылған әр ұлттың ұлттығын айқындайтын көрмесі ерекше көзге түсті. 

78824946_2930727863603873_3032755551067963392_o.jpg

Салтанатты жиын барысында жезтаңдай әншілер Отан тақырыбындағы әндерді шырқап, жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. «Елбасы: балалық шағымның аспаны» театрландырылған хореографиялық композициясымен ашылған шара композитор Қалдыбек Құрманәлінің «Шымкент – шырайлы шаһарым!» әніне ұласып, мерекенің шырайын ашты. 

79107816_2930727906937202_5968062026516267008_o.jpg

Шымкент қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі